Біздің құндылықтарымыз

Біздің құндылықтарымыз

Құндылықтарымыз бізді бір ғаламдық ұйымға біріктіріп, тиімді түрде бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі.

Жеке үлгі негізінде басқару


Біз әрқашан өз әрекеттерімізбен KPMG қызметкерлеріне және қызмет көрушілеріне үлгі көрсетуге тырысамыз.

Бір команда болып жұмыс істеу

Біз әрбір адамға өз өзін көрсетуге көмектесе отырып, әріптестерімізбен мықты іскери қарым-қатынастарды орнатамыз.

Жеке тұлғаны сыйлау

Біз әріптестеріміздің тек білімдері мен тәжірибесін бағалап қана қоймай, оларды жеке тұлға ретінде де бағалаймыз.

Жан-жақты талдау негізінде оңтайлы шешімдерді ұсыну

Фактілерді егжей-тегжейлі талдау мен сынды көзқарасымыз сенімді әрі объективті кеңес беруші ретіндегі мәртебемізді нығайтуға көмектеседі.

Қарым-қатынастардағы шыншылдық пен ашықтық

Біз ақпаратпен, нәтижелермен және кеңестермен өз қызмет көрушілеріміз бен әріптестерімізбен үнемі бөлісіп отырамыз, конструктивті диалог жүргізуге тырысып, қиын жағдайларда батыл әрекет жасаймыз.

Әлеуметтік жауапкершілік

Біз қоғам алдында жауапты компания ретінде әрекет етеміз, үнемі білімдеріміз бен тәжірибемізді жетілдіре отырып, ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашамыз.

Ұқыптылық пен ар-ұяттылық бәрінен де жоғары

Біз әрқашан ең жоғары кәсіби стандарттарды сақтауға, нақты және релевантты кеңестер беруге және кәсіби тәуелсіздік принципін ұстануға тырысамыз.

Біздің құндылықтарымыз Ресейдегі және ТМД елдеріндегі KPMG желістерініңмүше-фирмалары қызметкерлерінің бірегей этикалық әдебінің стандарттарын анықтайтын «Мінез-құлық кодексінің» негізін құрайды.

Бізбен байланысыңыз

  • Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
  • kpmg.emailUs
  • Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia
 

Ұсынысқа сұрау салу

 

Растау