Құпиялық сақтау туралы мәлімдемесі | KPMG | KZ
close
Share with your friends

Құпиялық сақтау туралы мәлімдемесі

Құпиялық сақтау туралы мәлімдемесі

Құпиялық сақтау туралы мәлімдемесі

Соңғы жаңғыртылған күні: 3 шілде 2018 ж.

KPMG1 өзіне тапсырылған ақпараттың құпиялылығы мен қол сұқпаушылығын қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Осыған байланысты KPMG өзінің веб-сайттары арқылы алынатын дербес ақпараттың (сондай-ақ «дербес деректер», «дербес сәйкестендірілетін ақпарат» немесе «ДСА») қажетті түрде қорғалуын және лайықты түрде пайдаланылуын қамтамасыз етуді міндеттенеді.

Әдетте, біз онлайн-келушілерге жұмысқа орналасудың бар мүмкіншіліктері туралы ақпарат және (немесе) қызмет көрсету немесе ақпараттандыру мақсатында, олар бізге ерікті түрде хабарлайтын дербес ақпаратты ғана жинаймыз. KPMG қабылдайтын алынған дербес ақпаратты жинау, қолдану, тапсыру және қорғау тәртібі туралы толық түсінік алу үшін осы Құпиялық сақтау туралы KPMG мәлімдемесімен (бұдан әрі – «Құпиялық сақтау туралы мәлімдеме») мұқият танысуды сұраймыз.

1. Дербес ақпаратты жинау және пайдалану

1.1 Жиналатын ақпараттың сипаттамасы

1.2 Алынатын дербес ақпаратты пайдалану үшін құқықтық негіздер

1.3 Дербес деректерді өңдеу және қауіпсіздігін қамамасыз ету саясаты

1.4 Дербес ақпаратты автоматтық түрде жинау

1.5 Әлеуметтік медиадағы виджеттер мен қосымшалар

1.6 Балалар

2. Дербес сәйкестендірілетін ақпаратты ауыстыру және табыстау

3. Таңдау мүмкіншілігі

4. Сіздің құқықтарыңыз

5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректердің сақталуы

6. Басқа сайттарға сілтемелер

7. Құпиялық сақтау туралы мәлімдемеге енгізілетін өзгерістер

8. Қабылданған саясаттың ережелеріне және оны сақтау бойынша шараларға қатысты сұрақтар

 

1. Дербес ақпаратты жинау және пайдалану

1.1 Жиналатын ақпараттың сипаттамасы

Біз сізден, егер сіз өз еркіңізбен берсеңіз,– мысалы, пошта жәшіктеріне хабарлама жіберу үшін немесе осы немесе басқа қызметтер алу мақсатында тіркелу үшін дербес ақпаратты аламыз. Кейбір жағдайларда KPMG-де сіз берген ақпарат бұрыннан болуы мүмкін (мысалы егер сіз KPMG-нің бұрынғы қызметкері болып табылсаңыз). Егер сіз KPMG-нің веб-сайтына пайдаланушының түпнұсқалылығын тексеру (теңнұсқаландыру) механизмін қосатын және KPMG-нің есептік жазбасына кіру үшін сіздің есептікке алу деректеріңізді әлеуметтік желілерге (мысалы, LinkedIn, Google немесе Twitter) табыстайтын бөгде сервистер негізінде бірыңғай енгізу жүйесі арқылы өз есеп жазбаңызбен тіркелсеңіз немесе кірсеңіз, біз сіздің әлеуметтік желілер платформасының провайдеріне берген, мысалы сіздің есіміңіз және электрондық пошта мекенжайы, келісіміңізбен жүйеге тіркелуге немесе кіруге қажетті кез келген ақпарат немесе өзге мәліметтер жинауды іске асыру құқығын өзімізге қалдырамыз. KPMG жинауын іске асыратын басқа ақпараттың сипаты сіздің осы әлеуметтік желілердегі провайдердің платформасында орнатқан құпиялылық баптауларға байланысты, сондықтан бөгде сервистің пайдаланатын құпиялықты сақтау туралы тиісті ережелерімен немесе саясаттарымен танысуыңызды өтінеміз.

Сіз KPMG-ға тіркелген немесе өзіңіздің дербес ақпаратыңызды жіберген кезде, біз бұл ақпаратты құпиялылықты сақтау таралы осы Мәлімдемеге сәйкес пайдаланамыз. Сіздің дербес ақпаратыңыз өзге мақсаттарға қолдануға сіздің бізге берген рұқсатыңызды алған немесе ондай пайдалану міндетті түрде қажет болған немесе заңмен немесе кәсіби стандарттармен рұқсат етілген жағдайлардан басқа, өзге еш мақсаттарда қолданылмайды. Мысалы, егер сіз KPMG веб-сайтында тіркелсеңіз және өз ерекше ықыласыңызды көрсетсеңіз, біз өз тарапымыздан сіздің ерекше ықыласыңыз туралы ақпаратты сіздің есеп жазбаңыз үшін пайдалануға міндеттенеміз. Егер сіз веб-сайтқа бөгде сервистер негізінде бірыңғай кіру жүйесі арқылы өз есеп жазбаңызбен тіркелсеңіз немесе кірсеңіз, біз сол сияқты барлық сіз қолданатын құрылғыларда сізді бір пайдаланушы ретінде сәйкестендіре аламыз және сіз кіретін KPMG басқа веб-сайттарындағы сіздің пайдаланушылық баптауларыңыз бен параметрлеріңізді біріктіре аламыз. Сіз KPMG-ге жұмысқа жалдану мақсатында біздің мекенжайға жеке түйіндеме немесе ізденушінің өмірбаяны бар электрондық хабарлама жіберген жайдайларда, біз бұл ақпаратты бар бос орындар туралы сізге мәліметтер беру үшін пайдаланамыз.

Жекелеген жағдайларда, қашан сіз белгілі бір қызмет көрсетуді алу үшін тіркелгеніңізде, біз сіздің электронды мекен-жайыңызды – уақытша – сақтап қоямыз, сіздің бізге электронды поштамен хабарлап (яғни, тіркелген кезде біз сіз көрсеткен электронды мекен-жайға жазылу туралы сұрауды растау үшін хабарлама жібереміз), өзіңізден ақпаратты растағаныңызды алғанға дейін.

1.2 Алынатын дербес ақпаратты пайдалану үшін құқықтық негіздер

Әдетте KPMG сіздің сұрау салуыңызды орындауға қажетті дербес ақпаратты ғана жинайды. Егер бізде қосымша мәліметтер алуға қажеттілік туындаса, сізге ақпарат жинау сәтінде бұл туралы хабарланатын болады.

Қолданылатын заңнаманың талаптарын сақтау мақсатында, бізге жеке мәліметтерді өңдеуге рұқсат беретін мынадай жағдайда, бізде бұл үшін заңды негіз бар, біз өңдеудің шарттарының бірін басшылыққа аламыз:

  • Шарттың орындалуы: сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу шарт бойынша біздің міндеттемелерімізді орындау үшін қажет;
  • Заңда орнатылған міндет: біз заңда орнатылған міндеттерді орындау мақсатында сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеуге міндеттіміз, мысалы салық салу мақсатында жазбаларды сақтау немесе осы немесе басқа мемлекеттік немесе құқық қорғау органға ақпарат беру;
  • Заңдық мүдделер: ақпаратты өңдеу заңды әрекеттер жүргізу үрдісінде біздің заңдық мүдделер саласына кірсе және ол ақпараттар сіздің мүдделеріңізді бұзбайтын жағдайда, оны одан әрі іске асыруға қажет болса, біз сіз туралы ақпаратты өңдеуге құқылымыз; немесе
  • Сіздің келісіміңіз: жекелеген жағдайларда біз сізден өңдеуге байланысты немесе сіздің жеке ақпараттарыңыздың басқа да блоктарына қатысты арнайы келісіміңізді сұрайтын боламыз, сіздің дербес ақпараттарыңызды өңдеу тек қана сіздің келісіміңізді алған жағдайда ғана жүргізілетін болады. Сіз кез келген сәтте өз келісіміңізді қайтарып алуға құқылысыз, ол үшін KPMG-ге dataprivacy@kpmg.ru мекенжайы бойынша хабарласып, сіздің байланыс деректеріңіздің бізге берілген мақсатын көрсету керек.

Жоғарыда аталған мүдделердің мысалдары болып табылады:

  • Біздің веб-сайтқа кірген тұлғаға ақпаратты және (немесе) қызмет-көрсетуді ұсыну, немесе жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мәлімет беру.
  • Алаяқтық әрекеттердің немесе қылмыстық әрекеттердің орын алуын болдырмау және біздің АТ – жүйемізді қорғау.
  • Онлайн – кірушілердің дербес баптаулары мен параметрлерін сақтау, сонымен бірге KPMG веб-сайтының функционалды сипаттамалары мен тиімділігін арттыру. 
  • Маркетингтік қызметті жүзеге асыру және оның нәтижелерін талдау.
  • Корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік аясындағы өзіміздің міндеттемелерімізді орындау.
  • Заңнаманың талаптарын және реттеуші органдардың өкімдерін сақтау.
  • Дербес деректерді басқа фирмаларға - KPMG желісінің мүшелеріне беру, 2.1 Бөлімінде көрсетілгендей, ішкі әкімшілік қызметті жүзеге асыру мақсаты үшін.

Жекелеген жағдайларда біз жинаған дербес деректер мыналарға қатысты арнайы категориядағы деректерден тұрады, мысалы, өзіндік ерекшелігі (оның ішінде нәсілдік және этникалық топқа жатуы, саяси көзқарасы, діни және басқа да осыған ұқсас сенімі, кәсіподақтарға мүшелігі, сонымен қатар сексуалды өмірі мен оған бейімділігі туралы мәліметтер), немесе дене бітімінің не ақыл-ойының саулығы туралы деректер және әрбір заңдық тұрғыдан қарастырылған қылмыстық істі жасауға қатысты болжамды кінәлілігі немесе қылмыстық істі жасауға қатысты айып тағылуы.

1.3 Дербес деректерді өңдеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясаты

2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының № 94-V Заңына сәйкес әзірленді.

1.4 Дербес ақпаратты автоматтық түрде жинау

Кейбір жағдайларда KPMG мен ол бірге жұмыс жасайтын қызмет провайдерлері, сіздің KPMG сайттарына онлайн-кірген кезіңізде немесе сізбен электрондық хабарлама алмасу кезінде ақпараттың жеке түрлерін автоматтық түрде жинау үшін cookies технологиясын, веб-маяктарды және өзге технологияларды пайдаланады. Осындай ақпарат жинау бізге онлайн-келушілердің жеке баптаулары мен параметрлерін сақтауға, KPMG сайттарының функционалдық сипаттарын жақсартуға, оларды пайдаланушылар үшін барынша ыңғайлы қылуға және жалпы тиімділігін арттыруға, сондай-ақ біздің маркетингтік қызметіміздің өнімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

1.4.1 IP-мекенжайлар

IP-мекенжай интернетке әрбір шыққан кездегі сіздің компьютеріңізге берілге нөмірді білдіреді. Ол компьютерлер мен сервистерге бірін-бірі тануға және ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді. Біздің сайттың келушілерінің IP-мекенжайы ақпараттық қауіпсздік және жүйе диагностикасы мақсаттары үшін есепке алынатын болады. Көп жағдайларда осы ақпараттар сонымен қатар біріктірме түрде сайтты пайдалану мен оның тиімділігінің беталысы туралы талдау жасау үшін пайдаланылады.

1.4.2 Сookies технологиясы

Cookie сіз біздің сайтқа әр кезде кірген кездегі интернетке қосылған сіздің компьютеріңізге немесе құрылғыңызға орналастырылатын файлды білдіреді.  Бұл сайтқа сіздің компьютеріңізді немесе құрылғыңызды есте сақтауға мүмкіндік береді. Одан басқа, cookies технологиясын өзге мақсаттарда да пайдалануға болады.

Біздің веб-сайттардың кейбірінде пайда болатын ақпараттық баннер cookies жинауға сіздің келісіміңізді сұрайтын болады. Егер келісім алынбаса, интернетке қосылған сіздің компьютеріңіз немесе құрылғыңыз маркетингтік қызметті іске асыру мақсатында қадағаланбайтын болады. Сайттың функционалын қолдау үшін «пайдаланушылық cookies» деп аталатын cookies екінші түрі қажет болуы мүмкін. Ақпараттық баннерді пайдалану бұл cookies-терді бұғаттауға әкелмейді. Сіз таңдаған элемент cookie-файлда сақталады және 90 күн ішінде жарамды болады. Егер сіз оны жойғыңыз келсе, өз браузеріңіздегі cookie-файлдарды жою арқылы істей аласыз.

Көптеген браузерлердің cookies автоматты түрде қабылдауына қарамастан, сіз өз браузеріңізді cookie-файлды қабылдау немесе оны бұғаттауды тек сіз шешетіндей етіп баптай аласыз (Браузеріңіздегі «Құралдар» немесе «Баптаулар» мәзірін қараңыз). Сookie-файлдарды өз құрылғыңыздан сіз кез келген уақытта өшіре аласыз. Осы кезде мынаны есте сақтаған жөн, егер сіз cookies қабылдамасаңыз, сайттың кейбір атқарымдары жойылуы мүмкін.

Сookies басқару туралы толығырақ ақпаратты сіздің браузеріңіздің анықтамалық файлында немесе мамандандырылған сайттардан табуға болады, мысалы www.allaboutcookies.org.

Бұдан әрі біздің веб-сайттарда қолданылатын cookies түрлерінің тізімі келтіріледі:

Мақсаты
Сипаттамасы
Әрекет ету түрі мен мерзімі
Функционалдылығы (пайдаланушының браузері)
Біздің веб-сайттар жалпы интернет-платформаларды қолданумен құрылған. Оларға үйлесімдік мәселелерін шешуге көмектесетін cookies орнатылған (мысалы сіздің браузердің түрін сәйкестендіреді) және функционалдылықты арттырады (мысалы контенттің ең жылдам жүктелуі).

Сессия


Браузер жабылған кезде жойылады
 

Ақпараттық қауіпсіздік мақсаттарына арналған сookies (мысалы ASP.NET)
Егер сіз шектеулі рұқсат аймағына кіру үшін тіркелсеңіз, біздің cookies сіздің құрылғыға онлайн-кірудің бүкіл уақытында желіде қалуына мүмкіндік береді. Шектеулі рұқсат аймағына кіру үшін сізге пайдаланушының есімін және құпиясөзді енгізу қажет.

Сессия

Браузер жабылған кезде жойылады

Сайтты баптау
Біз пайдаланатын cookies сондай-ақ сіз таңдаған сайт баптауларын есте сақтай алады (мысалы тіл) немесе жеке баптаулар мен параметрлерді қарастыра алады (мысалы дербестендірілген құттықтау сөз немесе сізге қызықты контент). Сіз тікелей рұқсат алу немесе жазба есебін құру мақсатында тіркелетін аймақтарда қолданылады.

Сессия

Браузер жабылған кезде жойылады

Сараптау
Келушлер біздің веб-сайтты қалай пайдаланатынын және қандай тараулар аса қызықтыратынын түсіну үшін біз бөгде ұйымдар әзірлеген талдау құралдарының бірнешеуін іске қосамыз. Бұл бізге kpmg.kz сайтының ақпараттық толтырылуын жақсартуға және сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Біріктірілген статистикалық деректердің құрамына онлайн-келулердің немесе парақшаларды қараудың, сондай-ақ біздің веб-сайттарға сілтеме жасайты домендердің жалпы саны кіреді. Google Analytics интернет-сервисін біздің пайдалануымыз туралы толығырақ ақпарат төменде келтіріледі.
Әрекет етудің ұзақ мерзімі, бірақ сіздің kpmg.kz сайтына онлайн-кіргеніңізден кейін екі жыл өткен соң автоматтық түрде жойылады..
Онлайн-келушілердің пікірлері

Онлайн-келушілерге пікірлер беру туралы өтінішпен шақырулардың таңдаулы жіберілімі үшін бөгде ұйым әзірлеген құрал пайдаланылады. Бұл жағдайда cookies сайттың бір келушілеріне қайталанған жіберілімдерге жол бермеу мақсатында қолданылады.

Cookie-файл (1) егер келушіге сауалнамаға қатысуға шақыру жіберілмеген жағдайда құрылады, сондай-ақ келушіге парақшаны бірінші рет қарағаннан кейін жіберілмеуі үшін қолданылады.

Cookie-файл (2) егер келушіге сауалнамаға қатысуға шақыру жіберілсе құрылады, сондай-ақ қайта шақыру осы келушіге 90 күн ішінде жіберілмеуі үшін қолданылады.

1 Сессия
Браузер жабылған кезде жойылады


2 Әрекет етудің ұзақ мерзімі
90 күн өткеннен немесе сауалнамаға қатысуға шақыру жібергеннен кейін автоматтық түрде жойылады.

 

Әлеуметтік желілерде ақпарат алмасу
Әлеуметтік желілер мен электрондық поштадағы біздің веб-парақшаларымыздың контентімен алмасу үшін сіздің қарауыңызға қосымша мүмкіндіктер беру үшін біз әлеуметтік медиада бөгде ұйымдар әзірлеген виджеттер мен тетіктерді пайдаланамыз. Бұл жағдайда сіздің құрылғыда cookie-файл орналастырылуы мүмкін, ол виджеттер мен тетіктердің қолданылуын ыңғайлырақ етеді, біздің веб-парақшаларда басқа пайдаланушылармен байланыстарды көрсетеді (мысалы әлеуметтік желілерде контент алмасу санының есептегішін жаңарту) және журналда интернеттегі және біздің сайттағы сіздің белсенділігіңіз туралы ақпаратты белгілейді. Назар аударыңыз: кез келген осындай сервисті қолданар алдында біз құпиялық сақтау саласындағы әрбір провайдердің саясатымен танысуды ұсынамыз. Әлеуметтік медиада біз пайдаланатын виджеттер мен қосымшалар туралы толығырақ ақпарат төменде келтіріледі.
Әрекет етудің ұзақ мерзімі, бірақ сіздің kpmg.kz сайтына онлайн-кіргеніңізден кейін екі жыл өткен соң автоматтық түрде жойылады.

Бөгде жасаушылардың құрал-жабдықтары мен виджеттері, кей уақыттарда онлайн – кірушілерге қосымша мүмкіндіктерді ұсыну мақсатында біздің жеке веб-парақшаларымызда пайдаланылатын болады. Бұл жағдайда біздің құрылғымызда cookie-файл орналасатын болады, ол құрал-жабдықтар мен виджеттерді пайдалануды ыңғайлы етеді және біздің веб-парақшаларымызда сіздің басқа да пайдаланушылармен байланысу үрдісіңізді көрнекі көрсетеді.

Өз бетінше сookies сіздің электрондық мекенжайыңызды бізге хабарламайды және сізді қандай-да бір амалмен сәйкестендірмейді. Өзіміздің талдау есептерімізде біз басқа сәйкестендіргіштерді, соның ішінде IP-мекенжайлар, тек біздің веб-сайттардың бірегей онлайн-келушілерінің санын белгілеу және жеке онлайн-келушілерді сәйкестендіру емес, олардың географиялық орналасуы туралы ақпарат жинау мақсатында ғана пайдалана аламыз.

БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТТАРҒА ӨТІП НЕМЕСЕ ТЕК ТІРКЕЛГЕН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ҒАНА КІРЕ АЛАТЫН АЙМАҚТАРҒА РҰҚСАТ АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖҮЙЕГЕ ЖҮКТЕУ ҮШІН ӨЗ ЕСЕП ЖАЗБАЛАРЫН ЕНГІЗІП, СІЗ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛҒАН СІЗДІҢ КОМПЬЮТЕРІҢІЗГЕ НЕМЕСЕ ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗҒА COOKIES ОРНАЛАСТЫРУҒА КЕЛІСЕСІЗ.

1.4.3 Google Analytics интернет-сервисі

KPMG Google Analytics интернет-сервисін пайдаланады. KPMG Google Analytics пайдалануы туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табасыз: http://www.google.com/analytics/learn/privacy.html

Веб-сайтқа келушілерге Google Analytics, Google интернет-сервистерінің олардың деректерін жинау тәсілдеріне қатысты таңдаудың көбірек нұсқаларын ұсыну үшін қосымша Google Analytics Opt-out Browser Add-on браузерін әзірледі. Қосымша браузер веб-сайтқа кіру туралы ақпарат Google Analytics-ке келмеуі үшін Google Analytics JavaScript-пен (ga.js) байланысады. Google Analytics қосымша браузері веб-сайттың өзіне немесе веб-талдаудың басқа қызметтеріне ақпараттың келуіне кедергі болмайды.

1.4.4 Веб-маяктар (web beacon технологиясы)

Веб-маяк (web beacon) – бұл ІР-мекенжай, веб-парақшаны зерттеудің ұзақтығы, браузер түрі, сондай-ақ осы сервер бұрынырақ құрған cookies болуы сияқты сіздің кмпьютеріңіздегі белгілі ақпаратты алу үшін қолдануға болатын веб-парақшадағы шағын графиктік файл.

KPMG немесе ұйымдар – қызмет провайдерлері қызметшілерді жалдау немесе маркетингтік қызметтер көрсету саласында бізге қызметтер көрсететін, немесе сайттың онлайн-келушілері және cookies басқару туралы біріктірілген статистикалық деректерді жинау немесе үшінші тұлғалардың веб-сайттары жұмысының тиімділігін бақылау мақсатында веб-маяктарды пайдалана алады.

Сізде олармен байланысы бар cookies бұғаттау жолымен кейбір веб-маяктарды сөндіріп қоюға мүмкіндік бар. Бұл жағдайда веб-маяк сіздің ІР-мекенжайдан анонимді кіруді тіркей алады, бірақ ақпарат cookie-де жазылмайтын болады.

Біздің ақпараттық бюллетендерімізге немесе басқа да материалдарымызға жазылған жағдайда біз алушылардың іс-әрекетіне мониторинг жүргізетін боламыз, мысалы хабарламаның ішіне кіріктірілген сілтемелер арқылы біз әртүрлі хабарламаларды ашқан алушылардың саны туралы ақпаратты жинай аламыз. Бұл ақпаратты жинау сайттың қандай тараулары келушілерге қызығушылық тудыратынын бағалау және пайдаланушылық баптауларды жетілдіру үшін жүргізіледі.

1.4.5 Орналасқан жерін көрсетуге арналған сервистер

KPMG сіздің компьютеріңіз немесе мобильдік құрылғыңыздың географиялық орналасуы туралы ақпарат жинайды және пайдаланады. Бұл деректерді жинау мақсаты – сізді қызықтыруы мүмкін сіздің өңіріңіздегі қызметтер туралы сізге ақпарат беру және онда ұсынылатын өнімдер мен қызметтерді жетілдіру.

1.5 Әлеуметтік медиадағы виджеттер мен қосымшалар

Көпшілік жағдайда KPMG веб-сайты әлеуметтік медиадағы Facebook-тағы Like батырмасы және Twitter виджеті тәрізді бөгде қосымшалар арқылы ақпараттармен алмасу мүмкіншіліктерін қарастыратын болады. Әлеуметтік медианың қосымшалары сіздің KPMG сайтының ресурстарын қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпарат жинайды және пайдаланады (cookies туралы толығырақ ақпарат жоғарыда «Әлеуметтік желілерде ақпаратпен алмасу» бөлімінде келтірілген). Сіз әлеуметтік медиаға осындай қосымшалар арқылы жіберетін барлық дербес ақпарат нақты қосымшаның басқа қатысушыларымен де жиналуы және пайдаланылуы мүмкін, және осындай өзара қатынастар осы қосымшаны ұсынатын компаниялардың құпиялық сақтау туралы саясатымен реттеледі. Біз бұл компанияларды бақыламаймыз және олардың сіздің дербес ақпаратыңызды қалай пайдаланатынына жауапты емеспіз.

Одан басқа, KPMG веб-сайттарында краудсорсинг үшін блогтар, форумдар, қосымшалар және өзге қосымшалар мен сервистер орналастырылуы мүмкін (бұдан әрі бірге – «әлеуметтік медия элементтері»). Бұл элементтердің мақсаты – білімдер табыстау мен контент ауыстыруға қолдау көрсету. KPMG әлеуметтік медиасының элементінде көрсетілген барлық дербес ақпарат осы элементтің басқа пайдаланушыларына табыстала алады (егер оны жинау сәтінде басқасы көрсетілмесе), олардың қызметі мен әрекетіне біз тек шектеулі бақылау жасай аламыз немесе оларды бақылауға мүмкіндігіміз мүлдем жоқ.

1.6 Балалар

KPMG балалардың жеке өміріне, әсіресе электрондық байланыс арналары бойынша қатынас ортасында қол сұқпаушылықты сақтау маңыздылығын толығымен түсінеді. Біздің электрондық сайттар 13 жастан кіші балаларға арналмаған. Біздің саясатымызға сәйкес біз ешқашан кәсіби қызметтер ұсыну бойынша жұмыстар орындау аясында ақпарат жинау және сақтауды қоспағанда, 13 жастан кіші тұлғалар туралы мақсатты бағытталған ақпарат жинау және сақтауды жүргізбейміз.

2. Дербес ақпаратты ауыстыру және табыстау

2.1 Дербес ақпараттарды фирманың ішкі желілеріне беру - KPMG мүшелеріне

Біз сіз туралы ақпараттарды басқа фирмаларға береміз - халықаралық жобалардың шеңберінде KPMG жүйесінің мүшелеріне, сонымен бірге KPMG International және басқа да фирмаларға – KPMG International ассоциациясына кіретін мүшелерге, қашан бізде әлемнің басқа да елдерінің заңнамасында және нормалық-құқықтық құжаттарында қарастырылған талаптарды сақтауға қатысты міндеттер туындағанда, немесе қашан осындай талаптарды орындау қажет болған жағдайда. Басқа фирмалар, KPMG желісі құрамына кіретін, бізге және сізге қызмет көрсетеді, мысалы хостингтің қызметі және ИТ қосымшаны сүйемелдеу, фирмалар үшін жауапкершілікті сақтандырудың белгілі бір түрін ұйымдастыру – мүшелерге және олардың тұтынушыларына, басқа да тұтынушылармен мүдделік кикілжіңнің болуын тексеру және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, клиенттік жобалар мен басқа да қызметтер шеңберінде қызмет көрсетуге септік ету, KPMG қызметінің сабақтастық сипатын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да қызметтер.

2.2 Үшінші жақтарға табыстау

Біз кәсіби қызметіміздің мақсаттары үшін, сіздің сұрауларыңызды өңдеу үшін және (немесе) заңнамамен немесе кәсіби стандарттармен қажет етілетін немесе рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, үлестес емес үшінші тұлғаларға дербес ақпаратты табыстамаймыз. Көрсетілген үшінші тұлғалар туралы барынша толық ақпарат алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Сонымен бірге, , бізбен бірге жұмыс істейтін немесе біздің тапсырмамаыз бойынша не біздің атымыздан әрекет ететін, құпиялылықты сақтау туралы осы Мәлімдемеге сәйкес келтірілген мақсатта KPMG белгілі бір дербес ақпараттарды елімізден тысқары бөгде ұйымдарға бере алады. Көпшілік жағдайда KPMG дербес ақпараттарды Еуропалық экономикалық аймақтан тысқары сақтайтын болады. Ереже бойынша, біз дербес ақпараттарды келессі елдерге елдерге береміз. Бұл жағдайда сіздің дербес ақпараттарыңызды қорғау, әдеттегінше біздің осы ұйымдармен жасасқан келісімдердің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Еуропалық экономикалық аймақтан тысқары сәйкесті жағдайларда мұндай келісімдер өзіне Еуропалық комиссия бекіткен үлгідегі ақпараттарды қорғау туралы стандартты ережелерді қосады.

KPMG сіз берген дербес ақпаратты үшінші жақтарға тікелей маркетинг мақсатында одан әрі пайдалануы үшін табыстамауға міндеттенеді.

3. Таңдау мүмкіншілігі

Жалпы сіз бізге қандай-да бір дербес ақпарат беруге міндетті емессіз, алайда KPMG сізден белгілі бір дербес ақпаратты сұрай алады, ол сіз біздің қызметтер мен өткізілетін іс-шараларымыз туралы қосымша ақпарат ала алуыңыз үшін керек. KPMG сондай-ақ сізден сіздің дербес ақпаратыңызды белгілі бір мақсаттарға пайдалануға рұқсат сұрай алады, ал сіз тиісінше, рұқсат бере аласыз немесе рұқсат беруден бас тарта аласыз. Егер сіз нақты сервистерге немесе ақпараттық жіберілімдерге жазылсаңыз, мысалы электрондық жаңалық бюллетендері, сіз кез келген уақытта оларды алудан бас тарта аласыз, ол үшін әрбір сізге жіберілетін материалдың нұсқауларын орындаңыз. Егер сіз жіберілімдерді алудан бас тартуға шешім қабылдасаңыз, біз қысқа мерзім ішінде сіздің ақпаратыңызды жоюға тырысамыз, алайда сіздің сұрауыңызды өңдегенге дейін бізге сізден қосымша ақпарат қажет болуы мүмкін.

«Сookies технологиясы» тарауында көрсетілгендей, егер сіз cookies біздің сайттар бойынша сіздің навигацияны қадағалағанын қаламасаңыз, сіз өз браузеріңізді барлық cookies бұғаттайтындай немесе сізге cookie-файлды жібергені туралы ескертетіндей баптай аласыз. Сол кезде, cookies бұғаттау нәтижесінде сайттың кейбір ресурстары қолжетімсіз болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.

4. Сіздің құқықтарыңыз

KPMG сіздің дербес ақпараттарыңызды өңдеген кезде сіздің мынадай құқықтарыңыз бар: - Қолжетімділік және қателіктерді түзету: сіздің өзіңіздің дербес ақпараттарыңызға қол жеткізуіңізге құқыңыз бар. Рұқсат беретін құжат «Рұқсат алуға дербес деректер субъектісінің сұрауы» деп аталады. Егер сізге дербес ақпаратты ұсыну қолданыстағы заңнама талаптарында қарастырылған болса, ол ақпарат сізге тегін берілетін болады. Сізге дербес ақпарат ұсынғанға дейін біз сізден тұлғаңызды және сіздің дербес ақпаратыңызды сәйкестендіре алатын біздің арамыздағы өзара қарым-қатынастың сипаты туралы мәліметтердің қажетті көлемін растауыңызды сұрай аламыз. Егер бізде сақталатын сіздің дербес ақпаратыңыз дұрыс болмаса, сіз дәлсіздктерді түзету туралы сұраумен бізге жүгіне аласыз.

- Өңдеумен келіспеу: егер біз сіздің пікіріңізше оны одан әрі пайдалануға құқылы болмасақ, сіз дербес ақпаратыңыздың өңделуімен келіспеу туралы мәлімдеуге құқылысыз.

- Өзгеде құқықтар: сонымен қатар, егер сіздің ойыңызша сақтау мерзімі шамадан тыс асып кетті деп ұйғарсаңыз, сіз өзіңіздің дербес ақпараттарыңызды өшіріп тастау туралы талап қоя аласыз, сонымен бірге – белгілі бір жағдайларда – деректеріңіздің шектеулі көлемде өңделуін және (немесе) біз электронды түрде сақтап отырған өзіңіздің дербес ақпараттарыңызды басып шығарып беруін талап ете аласыз.

Сіз KPMG-ге хабарласып, dataprivacy@kpmg.ru мекенжайы бойынша сұрау жіберіп және өз байланыс деректеріңізді берген мақсаттарыңызды көрсетіп, жоғарыда аталған құқықтарды жүзеге асыра аласыз, ал біз өз тарапымыздан қолданыстағы заңнамаға және кәсіби стандарттарға қайшы келмейтін жағдайда, сіздің сұрауыңыздың орындалуына орынды және іс жүзінде орындалатынына күш саламыз.

5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректердің сақталуы

В KPMG дербес ақпаратты жоғалту, рұқсат етілмеген пайдалану, түрлендіру және жоюдан қорғауға шақырылған шаралар мен қамтамасыз ету саясатын қабылдаған және әрекет етеді. Сонымен бірге, ақпараттық қауіпсіздктің барлық бар қауіптері тұрғысынан KPMG қаншалықты күш салуына қарамастан, дербес ақпараттың сақталуына абсолют кепілдік беру мүмкін емес. Өз тарапымыздан біз сіздің дербес ақпаратыңызға тек қызметтік міндеттерді орындау үшін қажет болатын тұлғалардың ғана рұқсаты болуы үшін бар мүмкіндікті жасаймыз. Дербес ақпараттарға рұқсаты бар тұлғалар оның құпиялылығын сақтауға міндетті.

Біз дербес ақпараттарды белгілі бір уақыт аясында ғана сақтауға тырысамыз, осы аралықта деректер бізге қажет болуы мүмкін, мыналар үшін: i) оны бізге берген тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға, ii) заңнаманың, реттеуші органдардың, ішкі әкімшілік қызметтің немесе ішкі саясаттың талаптарын орындауға, немесе iii) мына мерзімге дейін, қашан қандай да бір тұлға бізге ақпараттарды өшіру туралы сұраныспен хабарласқанға дейін. Осындай деректерді сақтау мерзімі ақпараттарды жинау негізінде жүргізілетін нақты оқиғалар мен жағдайларға байланысты болады, дегенмен жоғарыда көрсетілген мына тармақшалардың талабына сәйкес, i)–iii) деректі ақпараттар қолданыстағы заңнамада рұқсат етілгенге сәйкес мерзімнен артық сақталмайды.

6. Басқа сайттарға сілтемелер

Көп жағдайда KPMG веб-сайттарында басқа сайттарға сілтемелер болуы мүмкін, соның ішінде Құпиялық сақтау туралы мәлімдемеден ерекше, дербес ақпаратты қорғау және құпиялықты сақтау туралы өзге құжаттардың ережелеріне таратылатын KPMG желісінің фирмалары-мүшелері қолданамлы сайттар. Қандай-да бір дербес ақпаратты ашқанға дейін біз онлайн-келушілерге әрбір веб-сайтта орналастырылған құпиялық сақтау саясатымен танысуды ұсынамыз.

KPMG-нің кез келген веб-сайтына тіркеліп және KPMG желісінің басқа фирмасы-мүшесі ұстанатын веб-сайтқа өз есеп жазбаңызбен кіріп, сіз осы сәтте кірген KPMG веб-сайтының құпиялық сақтау туралы мәлімдемесіне сәйкес сіздің дербес ақпаратыңызды пайдалануға келісесіз.

7. Құпиялық сақтау туралы мәлімдемеге енгізілетін өзгерістер

KPMG деректердің сақталуын қамтамасыз етудің қолданыстағы тәртібін уақыттың нақты сәтінде көрсету үшін мезгіл-мезгіл осы Құпиялықты сақтау туралы мәлімдемеге өзгерістер енгізе алады. Біз өзгерістер енгізген әрбір кезде, осы беттің жоғарғы бөлігінде жаңа редакция енгізген күнін көрсетіп отыратын боламыз. KPMG сіздің дербес ақпаратыңыздың қорғалуын қалай қамтамасыз ететінін білу үшін, біз жаңа ережелерді іздеу және зерттеу мақсатында осы Құпиялық сақтау туралы мәлімдемені үнемі қарап тұруды ұсынамыз.

8. Қабылданған саясаттың ережелеріне және оны сақтау бойынша шараларға қатысты сұрақтар

KPMG сіздің дербес ақпаратыңыздың қол сұқпаушылығын қорғауды өз борышы деп санайды.

Егер сізде дербес ақпаратыңызбен біздің жұмысымызға қатысты қандай-да бір сұрақтарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, өтінеміз, dataprivacy@kpmg.ru мекенжайы бойынша KPMG дербес деректермен жұмысқа жауапты тұлғамен хабарласыңыз. Сіз сондай-ақ осы мекенжайды біздің құпиялық сақтау туралы Мәлімдемені сақтауымызға байланысты қандай-да бір мәселелер туралы хабарлау үшін пайдалана аласыз. Біз сіздің электронды хабарламаңызды алғандығымыз туралы деректі 14 күннің ішінде растаймыз және осы электронды хабарламаны алған сәттен бастап сіздің мәселелеріңізді бір айдың көлемінде шешуге шара қолданамыз. Егер мәселе күрделі болып табылса немесе нақты уақыт өлшемінде біз бірнеше мәселелерді қатар шешіп жатсақ, онда ол туралы біз сізді құлағдар ететін боламыз, яғни сіздің мәселеңізді шешу үшін бір айдан көп уақыт кететіндігі жөнінде, сонымен қатар сіздің алғашқы хабарламаңыз түскен сәттен бастап үш айдың ішінде мәселені шешуге қатысты барлық шараларды қолданатын боламыз.

Егер алған жауап бір немесе басқа себеппен сізді қанағаттандырмаса, сіз өз мәселеңізбен жоғарырақ деңгейге, құпиялықты қамтамасыз ету бойынша Ғаламдық тұлғаға privacy@kpmg.com мекенжайы бойынша электрондық хабарлама жіберіп, жүгіне аласыз. Біз сізді мазалаған мәселені қарастыруға қалай қабылдай алсақ (және осы жағдайда жоғарыда «Сіздің құқықтарыңыз» тарауында аталған шаралардың бірін қолданып), солай заң негіздерінде оны қараудан бас тарта аламыз.

Кез келген жағдайда сіздің заңдық құзыретіңіздегі (юрисдикция) дербес ақпараттарыңызды қорғауға жауап беретін реттеуші органға шағым түсіруге сіздің құқыңыз бар.

1 Осы сайттағы «KPMG» аббревиатурасы «біз» есімдігі және одан туындаған жеке есімдіктер KPMG International Cooperative (“KPMG International”) Швейцария заңнамасы бойынша тіркелген ассоциацияны, және (немесе) KPMG International ассоциациясына кіретін KPMG тәуелсіз фирмаларының желі мүшелерінің – бір немесе одан артық фирмаларын білдіреді. KPMG International клиенттерге кәсіби қызметтер көрсетпейді.