Жауапкершілікті шектеу туралы арыз | KPMG | KZ

Жауапкершілікті шектеу туралы арыз

Жауапкершілікті шектеу туралы арыз

KPMG International Cooperative (“KPMG International”) ассоциациясы Швейцария заңнамасы бойынша тіркелген. Фирмалар - KPMG тәуелсіз фирмалар желісінің мүшелері KPMG International ассоциациясына кіреді. KPMG International клиенттерге кәсіби қызметтер көрсетпейді. Қызметтерді қатаң түрде сәйкес географиялық аймақтардағы мүше-фирмалар көрсетеді.
Бұл сайттағы ақпарат (әрі қарай-«сайт»), пайдаланушыларға басқы бетте сайт иесі ретінде көрсетілген KPMG ұйымымен жалпы танысу үшін ұсынылған және пайдаланушыларға жалпы сипаттағы ақпаратты ұсынуға арналған. Бұл ақпарат қандай да бір кәсіби кеңес беруді немесе аудит және салық салу немесе басқа сұрақтар бойынша қызметтер ретінде қолданылмайды және оны алмастыра алмайды. Көрсетілген сұрақтар бойынша сәйкес салада маманданған KPMG кәсіби сарапшыларына хабарласу қажет.

Нақты деректер мен жағдайларға байланысты заңнама және реттеуші нормалар әртүрлі қолданылуы мүмкін. Бүкіл әлемдегі электронды коммуникациялар ерекшеліктеріне қарай, KPMG бұл сайттың үздіксіз, кідіріссіз және қатесіз жұмысына және электронды вирустардан қорғалатынына кепілдік бермейді. Осыны ескере отырып, ақпарат тіке немесе астыртын мағынасына, соның ішінде дұрыстығына, уақтылығына және толықтығына күмән келтіруге кепілдіксіз дәл мағынасында беріледі. KPMG, KPMG International, еш жағдайда, KPMG желісіне мүше - фирмалардың кез келгені, аталған ұйымның кез келген серіктесі, директорлары, агенттері немесе қызметкерлері қандай да бір тіке, қосалқы, жағдайларға қатысты алдын ала ойластырылған іс-әрекеттер үшін, жазалауға, айыппұл немесе кез келген шығынға жататын (соның ішінде, пайдалану сапасы, деректердің жоғалуы немесе өтікізіп алынған пайда түріндегі жауапкершілікті есепке алғанда), дау туғызатын талаптардың түріне тәуелсіз, сонымен қатар келісім-шарт ішіндегі талаптарға шектеусіз, сайтқа, оның мазмұнына немесе осындай сайтқа қатынау немесе көшіру, қолдану немесе сайттың басқаша пайдалануына байланысты абайсыз әрекеттер немесе құқық бұзушылықтар үшін жауапты емес.

Сайттың мазмұны авторлық құқықпен қорғалатындықтан, онда орналастырылған кез келген рұқсат етілмеген материалдарды пайдалану авторлық құқықты, тауарлық белгілерді қорғау заңнамасын және басқа да заңдарды бұзуға әкелуі мүмкін. Пайдаланушыларға сайтта орналастырылған материалдарды баспа түрінде немесе тарату арқылы (мысалы әлеуметтік сайттарға сілтеме арқылы) қолдануға болады, егерде:

  • мұндай материалдарды пайдалану жеке және коммерциялық сипатта болмаса;
  • бастапқы материалдардағы немесе олардың көшірмелеріндегі авторлық құқықтағы, тауарлық белгілердегі және басқа да осыған сәйкес барлық ақпарат сақталған болса.

Сайтта орналастырылған материалдар KPMG, KPMG International немесе KPMG желісі мүшелері – кез келген фирманың пікірі немесе үшінші тұлғаға, қандай да бір ұйымға, оның өнімдеріне немесе қызметтеріне ұсынысқа негіздеме болып саналмайды және жоғарыда көрсетілген мақсаттарда қолданылмайды.
Материалдар иесінің тікелей жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелерді есептегенде, сайтта орналастырылған материалдарды түрлендіруге, қайта қолдануға, баспасөз бетіне шығаруға, бұқаралық немесе коммерциялық мақсатта пайдалануға немесе таратуға жол берілмейді. Пайдаланушылардың аталған келісімді ала алмағаны үшін ешқандай тәуекелдік немесе жауапкершілік артпайды.

KPMG және KPMG логотипі KPMG International ассоциациясының тіркелген тауарлық белгісі болып табылады. Оларды қолдану үшін KPMG International немесе осы ассоциацияға мүше фирмадан арнайы рұқсатнамасы, сондай-ақ KPMG International осы ассоциацияға мүше фирманың лицензияланған келісімі болуы қажет. Аталған атауды және логотипті немесе басқа да KPMG тауарлық белгілері жиынтығынан тауарлық белгілерді рұқсатсыз қолдану заңмен қатал жазаланады. Пайдалануға сұраныс беру үшін сайттың веб-шеберіне хабарласыңыз немесе "Контакты" (Contact Us) электронды үлгісін толтырыңыз.

Біздің пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін үшінші тұлғалардың сайтына сілтемелер ұсынылады. Мұндай сайттардың жұмысын немесе мазмұнын KPMG қадағаламайды және олар үшін жауап бермейді. KPMG өз беделін және тауарлық белгілерін қорғауға міндетті және өзінің веб-сайтына жасалған кез келген сілтемені жоюды талап етуге құқылы.

Қызметтердің келесі түрлеріне қатаң тиым салынады және олар авторлық құқықты және тауарлық белгілерді қорғау заңдарын бұзуға жатады:

  • KPMG логотипін рұқсатсыз қолдануға әкелетін сайтқа сілтеме жасау;
  • Ресурстардың жүйеленген белгісін (URL) қате көрсететін және басқы бетті айналып өтетін гиперсілтемелер немесе басқа да сілтемелер.