ТМД елдеріндегі KPMG өзекті арнасы | KPMG | KZ
close
Share with your friends

ТМД елдеріндегі KPMG өзекті арнасы

ТМД елдеріндегі KPMG өзекті арнасы

KPMG ТМД елдеріндегі өзекті арнасы қызметкерлер, клиенттер, серіктестер және өзге де мүдделі тараптар үшін Ресейдегі және ТМД елдеріндегі KPMG желісі мүшелері KPMG фирмасы өкілдерінің және қызметкерлері мен жоғары мәртебелі жетекшілерінің белгілі бір әрекеттеріне байланысты оларды ойландырып жүрген мәселелерді құпия мәлімдеуге мүмкіндік береді. Төменде өзекті арнаға қалай және қашан жүгінуге болатыны жөнінде, сондай-ақ, жүгіну тәртібі туралы толығырақ ақпараттар аласыз.

KPMG өзекті арнасына қашан жүгіне аласыз

Өзекті арнаға жөнелтілген мәселелер мынадай болмақ:

  • бухгалтерлік есеп;
  • бухгалтерлік есеп жүргізуді ішкі бақылау;
  • аудиторлық қызмет;
  • банк қызметіндегі қылмыстар;
  • қаржылық қылмыстар;
  • парақорлық және сыбайлас жемқорлық (соның ішінде, мұндай жағдай біздің фирмамызға келеңсіз әсер ететіндіктен, фирма клиенттерінің – KPMG желісі мүшелерінің арасында).

Сондай-ақ, біз мынадай жағдайларда өзекті арнамен байланысуларыңызды өтінеміз:

  • Ресейдегі және ТМД елдеріндегі KPMG және оның қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты;
  • Фирма жетекшілігіне – Ресейдегі және ТМД елдеріндегі KPMG желісінің мүшелеріне қатысты.

Шағымдану

Жедел желі KPMG компаниясы қызметтерінің сапасына қатысты ресми шағымдарды түсіруге арналмаған. Осындай жағдайларда стандартты рәсімдер орындалады және/немесе келісім хаттарға қол қойылады.

Ресей мен ТМД-дағы KPMG жедел желісін немесе халықаралық KPMG жедел желісін (Clearview Connects ұйым ресурсының жолағында «KPMG in Russia and the CIS» немесе «KPMG International» көрсетіп) пайдалана аласыз. Сіздің хабарламаңыз Ресей мен ТМД-дағы KPMG тарапынан немесе оның жоғары басшылығының тарапынан белгіленген KPMG International компаниясының әрекетіне қатысты болса (мысалы, Ресей мен ТМД-дағы KPMG компаниясының жұмыскерлері немесе олар жасаған есеп заңнамалық талаптарға, кәсіби стандарттар мен әдеп нормаларына сәйкес келмейді деп есептесеңіз), халықаралық KPMG жедел желісін пайдалануға болады.

Жүгіну тәртібі

Болжалды бұзушылық туралы хабарлаудың бірнеше әдісі бар – сізге ең ыңғайлы болатын нұсқаны таңдаңыз: ClearView онлайн-жүйесін пайдаланыңыз, ClearView агентімен сөйлесіңіз, хабарламаңызды дыбыстық поштаға қалдырыңыз немесе басып шығарылған хабарламаны пошта арқылы жіберіңіз.

  • Келесідей интернет-сайтты пайдаланыңыз: http://www.clearviewconnects.com:

- фирманың іскерлік белсенділігінен туындаған проблема туралы хабарлау үшін Ресей мен ТМД-дағы KPMG қойындысын таңдаңыз;

- хабарламаңыз KPMG International қызметінің белгілі бір бағыттарына, Ресей мен ТМД-дағы KPMG жұмысына немесе оның басшылығына қатысты болса, KPMG International қойындысын таңдаңыз.

  • Тегін нөмірге қоңырау шалыңыз:

- Ресейден: 810 800 2026 2012 - мобильді телефондардан қоңырау шалудың ақылы екеніне назар аударыңыз; оған қоса, басқа елдерден аталған нөмірлер бойынша қоңырау шалу мүмкін емес;

- Украинадан: 0 800 50 3166;

- Қазақстаннан: 8 800 3337624;

- Ресей мен ТМД-дағы KPMG компаниясы орналасқан басқа да елдерден: 1 647 438 6817.

Clearview Connects ™

P.O. Box 11017
Toronto, Ontario
M1E 1N0
Canada

Ғаламтор қызметі және телефон арнасы тәулік бойы, үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істейді. Жеткізу тәсіліне қарамастан, барлық жүгіну құпия түрде заңға сәйкес, KPMG желісі мүшелерінің өңдеу және мәліметтер алу талаптары бойынша орындалады.

Өзекті арнаға жүгінуші тұлғалардың мәліметтерін құпия сақтаумен қамту шараларын ескере отырып, біз аты-жөндеріңіз бен байланыс ақпараттарын жасырмауларыңызды сұраймыз. Сіздердің мәліметтеріңіз бүкіл үрдіс бойы құпияда сақталып, жүгіну мәні болып табылған және/немесе үшінші тұлғаларға жеткізілмейді.

Тек осы мәліметтер мәселені одан әрі тергеу, не ақпаратты ашу мақсатында сот талқылаулары үшін немесе құзыретті органдарға қажет болған жағдайда аталмыш ақпараттар ашылуы ықтимал. Егер веб-сайт немесе телефон арнасының операторына жүгінгеніңізді құпияда ұстағыңыз келсе, Сізге Clearview Connects жүгінуді басқару жүйесіне кіруге арналған пароль беріледі. Бұл біздерге тікелей, құпия түрде жүгінуіңізге мүмкіншілік береді. Егер Сіз пароліңізді ұмытып қалсаңыз, не жоғалтып алсаңыз, жүйеге кіру үшін Сізге өзекті арнаға тағы кіруге тура келеді; мұндай жағдайда осыған дейін ұсынылған ақпаратқа сілтеуіңізді сұраймыз. Бұл Сіздің жүгінуіңізді бір арнаға жүйелеуге жағдай жасайды.

Жүгіну мәселелерін қарастыру тәртібі

Егер Сіздің жүгінуіңіз Ресейдегі және ТМД елдеріндегі KPMG қатысты болатын болса, ол Ресейдегі және ТМД елдеріндегі KPMG жұмысы бойынша омбудсменмен және сапаны бақылау және тергеуді жүргізу бойынша әрекет ету жоспарын жасаушы тәуекелдерді басқару департаментінің өкілдерімен қарастырылатын болады.

Егер Сіздің мәліметіңіз сапаны бақылау және тәуекелдерді басқару департаменті өкілдерінің әрекеттеріне қатысты болатын болса, ол тек омбудсменге жөнелтілетін болады.

Өзекті арнаның тақырыптық бағытына сай келмейтін жүгіну мәселелері, мысалы, KPMG желісінің мүшесі- өзге фирманың жағдайына қатысты мәселелер не KPMG Europe LLP бақылауындағы сәйкес фирмаға, не KPMG International қарастырылуға жіберіледі. Біз барлық жүгінушілерге қандай-да бір аңдуға, құқықтарының тапталуына жол берілмейтініне, құпиялылық саясатының қатаң сақталатынына кепілдік етеміз.

Құпиялылық

Өзекті арнасының қызметін ұйымдастыру үшін KPMG онлайн телефон және өзекті арна қызметін ұйымдастыру бойынша сыртқы қызметті жеткізуші Clearview Strategic Partners канадалық компаниямен ынтымақтаса қызмет етеді. Бұл арнаға жүгінген кез келген тұлғаның жасырын қалуына жағдай жасайды. Алайда, қандай-да бір мәселені тергеу үшін үшінші тұлғалардың ықпалдастығының қажеттілігін түсінуге тиіссіз. Сондықтан да, жүгінген кезде мүлдем жасырын, құпия қалу шартының біршама бұзылатындығын ескеруге тиіссіз.

ClearView Connects™ ClearView Strategic Partners Inc.тіркелген тауарлық таңбасы болып табылады.