Заңгерлік қызметтер

Заңгерлік қызметтер

Заңгерлік қызметтер

Қазақстанда күрделі әрі үнемі өзгеріп отыратын заң жүйесі қызмет етеді. Қазақстан заңдарын тәжірибе жүзінде қолдану көп жағдайда мемлекеттік органдар мен төрелік соттардың ұстанымына байланысты болады.

Азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік секілді жекелеген мәмілелерге немесе бүкіл бизнеске жағымсыз ықпал ететін орынсыз салдардан құтылу үшін, компаниялар мен инвесторларға кәсіби заңгерлік қызметке жүгінуге кеңес беріледі.

Түрлі салаларда маманданған талантты әрі өз ісіне берілген кәсіпқойлардан құралған үнемі кеңейіп отыратын командамыз көптеген заңгерлік сұрақтар бойынша кеңес беру қызметтері мен қолдау көрсетеді, соның ішінде:

  • компанияларды сатып алу мен сату, сондай-ақ одақтық инвестициялау сұрақтары бойынша кеңес беру;
  • сатып алынатын немесе инвестицияланатын нысандарды инвестициялау алдындағы заңгерлік зерттеу;
  • бірлескен кәсіпорындарды құру;
  • заңды тұлғаларды құру және тіркеу;
  • еңбек қатынастары мен еңбек шарттары сұрақтары бойынша демеу көрсету;
  • KPMG-дың ұзақ мерзімді әрі сенімді серіктестері арқылы лицензияларды алуда немесе шетелдік еңбек күшін тартуда қолдау көрсету;
  • жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілелерді сүйемелдеу;
  • кен орындарын пайдалану жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес беру;
  • азаматтық, монополияға қарсы, банктік, одақтық және кедендік заңнама, құнды қағаздар заңнамасы, сондай-ақ валюталық шектеулер, мемлекеттік сатып алулар және т.б. сұрақтары бойынша кеңес беру.

KPMG басымдылықтары

KPMG компанияларында қазақстандық және шет ел клиенттеріне кәсіби кеңес беру қызметтерін көрсететін қазақстандық және шет ел мамандары жұмыс істейді. Біздің кеңес берушілеріміз – әр түрлі юрисдикция заңнамаларына сәйкес әр түрлі құқық салаларында ауқымды жұмыс тәжірибесі бар қазақстандық және шет ел ЖОО түлектері.

Әлем бойынша KPMG тәуелсіз фирмаларының желісінің бөлігі бола тұрып біз әр түрлі елдерден KPMG сияқты, көптеген компаниялар мамандарын тартатын боламыз.

Бізбен байланысыңыз