Заңды тұлғаларға салық салу

Заңды тұлғаларға салық салу

Заңды тұлғаларға салық салу

Қазақстан Республикасы біртіндеп анағұрлым келісімді әрі түсінікті салық жүйесіне көшу үстінде. Дегенмен, бірқатар маңызды сұрақтарға байланысты анық еместік және салықтық санкциялардың қатаң тәртібіне байланысты өте маңызсыз, ұсақ қателіктің өзі сізге қымбатқа түсуі мүмкін. KPMG Қазақстанда жұмыс жасайтын компанияларға кәсіби қызметтерге жүгінуге табанды кеңес береді.

Заңды тұлғаларға салық салу бойынша KPMG қызметтері:

Салық міндеттемелерін тексеру

Біздің салық командамыздың басты міндеті салық міндеттемелерінің орындалмауына байланысты салынатын айыппұлдар мен өсімпұл төлемдерінің тәуекелін төмендету болып табылады. Салық міндеттемелерінің орындалуын, сондай-ақ, салық жүйесінің бірегей және дұрыс қызмет атқаруын тексерумен бірге, компанияның атқаратын қызметтерінің салық заңнамаларының талаптарына сәйкестігін тексеруге орай, біздің тәжірибеміз мол. Мұндай тексерулер заңнаманың бұзылуын немесе қателіктердің жіберілуі ықтималдылығын төмендете түседі, демек, айыппұл мен өсімпұл төлеу тәуекелділігін бәсеңдетеді.

Салықтық тәуекелдерді басқару

Мемлекеттің салық саясатындағы кейінгі өзгерістері компаниялардың салықтық заңнаманы сақтамағаны үшін салықтық ұстанымдар мен айып санкцияларын мейлінше азайту мақсатында салықтық тәуекелдерді басқару саласындағы өздерінің рәсімдерін қайта қарауға итермелеуі мүмкін. Біз өзіміздің клиенттерімізге аталған ықтимал салықтық тәуекелдер нақты салықтық үстеме есептеулерге айналғанға дейін, салықтық тәуекелдерді басқарудың тиімді жолдарын уақытылы анықтауға, бағалауға және табуға көмектесеміз.

Кеңес беру қызметтері

Қазіргі уақытта көптеген компаниялар өздерінің қызметтеріне ұзақмерзімді қолайлы тиімділігі бар оқиғалардың дамуын болжауға, ауқымды ойлауға және сапалы қызметтер көрсетуге қабілетті консультацияларға мұқтаж. KPMG консультанттары әрбір қабылданатын шешімнің салдарын талдай отырып және дүние жүзі бойынша орналасқан KPMG басқа кеңселеріндегі өздерінің әріптестерімен ынтымақтаса отырып өздерінің клиенттеріне бизнестерін дамытуға көмектеседі, өйткені ғаламдық ойлау және білімді бәсекелестік артықшылыққа айналдыру – бұл көпшілік компаниялардың өздерінің консультанттарына қоятын негізгі талаптары. KPMG командасының табысы, біздің өзіміздің клиенттерімізге нақты не керек екенін анық ұғынатындығымызда және олардың сұранымдарына толықтай сәйкес келеміз. 

Салықтық жоспарлау және құрылымдау

Сіздің компанияңыздың құрылымы салықтық міндеттемелеріңізді тиімді басқаруға шынымен де көмектеседі ме? Біз сіздерге салықтық көзқарас тұрғысынан сіздің бизнесіңіздің құрылымының тиімділігін бағалауға және салықтық оңтайландыру үшін мүмкіндіктерді анықтауға көмек көрсете аламыз. Біздің мамандар Қазақстанның және шетелдік елдердің салықтық заңнамасындағы орын алатын өзгерістерге тұрақты түрде талдау жасайды және де клиенттерге олардың мәмілелерін және бизнесін салықтық тәуекелдерге ұрындырмастан, салық салу тұрғысынан тиімді жоспарлауға құрылымдауға көмек көрсетеді.

Салықтық есеп саясаты және салық тіркелімдері
Салықтық заңнаманың талаптарына сәйкес әрбір салық төлеуші өздері жүзеге асыратын операциялары туралы ақпаратты есепке алу және жүйелеу мақсатында салықтық есеп саясатын және салық тіркелімдерін әзірлеуге, жүргізуге және жүйелі түрде жаңартып отыруға міндетті. Салықтық есеп саясатын әзірлеу едәуір күрделі және ауқымды міндет болып табылады, өйткені оны жасау кезінде көптеген ерекшеліктерді ескеру қажет. біздің салықтық заңнамадағы білімдерімізге және нақты тәжірибелерімізге сүйене отырып, біз Сізге қолданыстағы заңнаманың кез-келген мәселелері бойынша консультациялар жасай аламыз және салықтық есеп саясатын және салық тіркелімдерін мейлінше тиімді әзірлеуге көмек көрсете аламыз. Біздің біліміміз және нақты тәжірибеміз – Сіздің салықтық есеп саясатыңыз заңнаманың барлық нормаларына сәйкес келетіндігінің және сіздің бизнес мақсаттарыңызға қол жеткізуге ықпал ететіндігінің кепілі.

KPMG басымдықтары

  • Сіз трансұлттық корпарация болсаңыз да немесе қазақстандық компания болсаңыз да, біз KPMG-да, сіз тап болған міндеттерді жақсы түсінеміз. Біз қазақстандық болсын, халықаралық болсын салықтық мәселелер бойынша сараптамалық пікір ұсына аламыз
  • Біздің мамандардың жоғары біліктілігі және салалық терең білімдері біздің клиенттерге заңнаманың талаптарын сақтауға және өмірде өздерінің бизнес мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі
  • Біздің салықтық команда өз жұмысында «ауқымды көріністі» талдауға бағдарланған кешенді ұстанымды қолданады және біздің клиенттеріміз үшін ағымдағы ғана емес ұзақ мерзімді де басымдықтарды да ескереді

Бізбен байланысыңыз