Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС-на өту мәселелері)

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары Қазақстандағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінің ұлттық стандарттары болып табылады.

KPMG әр түрлі салалардағы компанияларға, атап айтқанда: мұнай-газ компанияларына, банктерге және сақтандыру компанияларына, өндірістік және телекоммуникациялық компанияларға ХҚЕС өту кезінде қолдау көрсетуде мол тәжірибеге ие.

KPMG тарапынан көрсетілетін қолдау

ХҚЕС бойынша қаржы есептілігін дайындау саласында қызметтер көрсететін KPMG-дың тобы ХҚЕС өту кезінде сізге жан-жақты қолдау көрсетеді, осыған орай сізге келесі бағыттар бойынша қажетті ресурстарды, білімді және практикалық көмекті көрсетуге әзір:

Бухгалтерлік есеп пен есептілік

  • ХҚЕС бойынша қаржы есептілігін дайындаудың жаңа есептік саясатын және процедураларын дайындау
  • Талап етілген және қазіргі сәтте қолда бар ақпарат арасындағы айырмашылықтарды талдау.
  • Міндетті есептілік деректеріне және салық есебінің деректеріне тигізетін ықпалды талдау.

Жүйелер мен процестер

  • Бастапқы жүйелерге енгізілуі қажет өзгерістерді анықтау.
  • Сіздің ұйымыңыздың басқа стратегиялық бастамаларына қалай әсер ететіні туралы түсінік қалыптастыру (мысалы, есепті кезеңді жылдам жабу бағдарламасы, кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау (ERP) әрі жүйені біріктіру және жаңарту саласындағы басқа бастамалар).
  • Қатар есепке алуды қамтамасыз ету үшін талап етілетін шаралар туралы түсінік қалыптастыру (мысалы, басқарушылық есептілік, ХҚЕС).

Шаруашылық қызмет

  • ХҚЕС өту қаржылық және шаруашылық қызметке қалай әсер ететінін түсіну.
  • ХҚЕС бойынша нәтижелердің елеулі тербелістерін жоюға арналған шараларды анықтау.

Кадрлық ресурстар

  • Ұйымның барлық деңгейінде ақпараттық қолдау.
  • Оқыту және білім беру кезінде қолдау көрсету, соның ішінде ХҚЕС теориялық мәселелерін, қаржы есептілігін ХҚЕС форматына ауыстыру және оны шоғырландыру тәртібін үйрету.

KPMG ұйымдарға ХҚЕС өтуіне көмектеседі, бұл ретте ол ондай ауысуды барынша жайлы ету үшін барлық шараларды қабылдайды.

Бізбен байланысыңыз