Қаржы есептілігінің аудиті

Қаржы есептілігінің аудиті

Қаржы есептілігінің тәуелсіз аудиті ақпараттың шынайылығын арттырады

Қаржы есептілігінің тәуелсіз аудиті ақпараттың шынайылығын арттырады

KPMG тәуелсіз аудитті жүргізу бойынша жоғары сапалы қызметтерді ұсынады, соның ішінде Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының, Ұлттық қаржы есептілігі стандарттарының және басқа елдерде қабылданған бухгалтерлік есеп пен есептілік стандарттарының (мысалы АҚШ БЕЖҚ) талаптарына сәйкес дайындалған қаржы есептілігінің аудитін ұсынады. Бұдан басқа, біз нақты нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын сақтаумен байланысты мәселелерді шешу мүмкіндігіне иеміз, мысалы, АҚШ бағалы қағаздары мен биржалары жөніндегі комиссияда тіркелген компаниялар үшін Сарбейнс – Оксли заңының талаптары.

KPMG-да аудит жүргізуге қолданылатын тәсіл тәуекелдерді анықтауға бағытталған әрі біздің қызмет көрушілеріміздің шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін, оған тән тәуекелдерді және олардың қаржы есептілігінің деректеріне тигізетін ықпалын жан-жақты түсінуге негізделген. Біздің тәсілге ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бақылау да кіреді. Біз компанияның басшылығына және бақылаушы органдарына аудитті жүргізу процесінде анықталған барлық кемшіліктер туралы егжей-тегжейлі әрі толық есептерді ұсынамыз.

Бізбен байланысыңыз