Аудитпен байланысты қызметтер | KPMG | KZ

Аудитпен байланысты қызметтер

Аудитпен байланысты қызметтер

Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы кеңес беру қызметтері анық шешім қабылдау үшін қажет.

Жоғары білікті кеңесшілер бухгалтерлік есеп стандарттарын қолдану және практика жүзінде қаржы есептілігін дайындау кезінде туындайтын түсінбеушілікті жояды, әрі елеулі коммерциялық пайда көруді мүмкін етеді.

KPMG тарапынан көрсетілетін қолдау

KPMG-дың бухгалтерлік есеп саласындағы мамандары қызмет көрушілерге бухгалтерлік есепті жүргізуге қойылатын талаптардың кешенді сипатын дұрысырақ түсінуге көмектеседі. Біздің жұмысымыздың мақсаты қаржы есептілігі стандарттарының талаптарын, ағымдағы нарық жағдайын және реттеуші органдардың талаптарын сақтау міндеттемесін ескере отырып, бухгалтерлік есепті жүргізу саласында қызмет көрушілерге дұрыс шешім қабылдауға көмектесу болып табылады.

KPMG келесі бағыттар бойынша бухгалтерлік есеп саласында кеңес беру қызметтерін ұсынады:

  • Бухгалтерлік есепті Ұлттық қаржы есептілігінің стандарттарына, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (ХҚЕС) және басқа елдерде қабылданған бухгалтерлік есеп пен есептілік қағидаттарына сәйкес жүргізу.
  • Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесін және тәртібін дайындау
  • Жаңа және қолданыстағы қаржы есептілігінің стандарттарымен, атап айтқанда қазақстандық, сонымен қатар халықаралық стандарттармен танысуға және олардың ережелерін түсіндіруге бағытталған кеңес беру қызметтері.
  • Инвестиция алдындағы зерттеулер және салық тексерістері аясында бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша қолдау көрсету.
  • Бухгалтерлік есеп бойынша тренингтер үшін дайын шешімдер. Біз қаржы қызметтерінің немесе бухгалтерияның басшылары үшін жеке тренингтер және қатардағы қызметкерлер үшін топтық сабақтар өткізуге даярмыз.

Сондай-ақ KPMG Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту бойынша қызметтер көрсетеді, бұл ретте ол ондай ауысудың қиындықтарын барынша азайту үшін, барлық шараларды қабылдайды.

Бізбен байланысыңыз

  • Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
  • kpmg.emailUs
  • Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia
 

Ұсынысқа сұрау салу

 

Растау

Интеграцияланған есептілік

Жақсы есептілік капитал нарығына компания стратегиясын жақсы түсіну мүмкіндігін қамтамасыз етуі, олардың қолданатын модельдері бизнес тиімділігімен сәйкестілігіне алып келуі, тиімді және перспективалы инвестицияларды жүзге асыруы, сонымен қатар басқа да шешімдер қабылдаулары тиіс. Біз интеграцияланған есептілігінің әлеуетті басымдылығын түсіндіреміз.

 
Әрі қарай оқу

Басшылығымыз