Корпоративті басқару жүйесін жетілдіру

Корпоративті басқару жүйесін жетілдіру

Біздің тәжірибеміз бен тәуелсіз зерттеулеріміз жақсы корпоративті басқару ұйымның тиімділігі мен құнына оң ықпалын тигізетіндігін, сонымен қатар тартылатын капиталының бағасын төмендететіндігін көрсетеді.

Компания диагностика процесінде атаулы салада ағымдағы жағдайларды жан-жақты бағалауды, жақсару бойынша нақты ұсыныстар мен корпоративті басқаруды жетілдіру («жол картасы») бағдарламасының әзірлемесі бойынша ұсыныстар алады. Көрсетілген бағалау компанияда корпоративті басқару тәжірибесіне салыстырмалы талдаулар жүргізуге , сонымен қатар халықаралық нарық капиталында талаптарға және инвесторлар күткеніне сәйкес болуға мүмкіндік береді. 

KPMG компанияның стратегиялық мақсаттарын, оның даму кезеңін, оның мүдделі тараптарының мүддесі мен күтуін талдайды. Осы талдау есебімен және корпоративті басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесіне сүйене отырып, КПМГ мамандары келесі жағдайларға тиімді шешім ұсынады:
- Акционерлер, инвесторлар мен басқа да стейкхолдерлер құқығын сақтау
- Орган мен кіші бөлімше арасындағы өкілеттілік мен жауапкершіліктерін анық бөлу
- Тиімді қадағалау органының болуы (директорлар кеңесінің құрылымы, жұмысқа қабілетті комитеттер болуы, мүдделер арасындағы даулардың және т.б. болмауы)
- Директорлар кеңесі үшін басқарушылық есептілігінің қалыптасқан жүйесі
- Компания директорлары мен басшыларының сыйақы берудегі құрылымдалған және айқын саясаты және шаралары
-Акционерлер мен басқа да мүдделі тараптар үшін ақпараттық ашықтылық
- Айқын дивидендтік саясат
- Жоспарлаудың тиімді процесінің болуы
- Ішкі бақылау және ішкі аудиттің тиімді жүйесінің болуы
- Тәуекелді басқарудың тиімді жүйесінің болуы
- Тұрақты дамытудың тиімді жүйесінің болуы.

Корпоративті Басқару Тобының ұсынатын қызметтері туралы көбірек білу үшін бізбен байланысыңыз.

Бізбен байланысыңыз