KPMG-дың құпиялылықты сақтау туралы арызы | KPMG | KZ

KPMG-дың құпиялылықты сақтау туралы арызы

KPMG-дың құпиялылықты сақтау туралы арызы

KPMG берілген ақпаратты құпия сақтау және оған қол сұғылмай қорғау өзінің борышы деп біледі. Осыған орай, KPMG веб-сайттар арқылы алынған жеке (сондай-ақ, «жеке теңдестірілген мәліметтер» немесе «ЖТМ» деп аталатын) деректердің ойдағыдай пайдаланылуын және қорғалуын қамтуды өз міндетіне алады.
Ақпараттардың ауқымы мен сипаты Сіздердің пошта жәшіктері немесе біздің сайттарға тіркелу арқылы жіберген ақпараттың мазмұнына байланысты.

1. ЖТМ жинау және пайдалану

1.2 ЖТМ автоматты түрде жинау

1.2.1 IP-адрестер

1.2.2 Сookies технологиясы

1.2.3 Google Analytics

1.2.4 Веб-шырақтар (web beacon технологиясы)

1.2.5 Жекелендірілген теңдестірілген деректерді жеткізу және олармен алмасу

1.3 Балалар

2. Рұқсат

3. Ақпараттық қауіпсіздік және мәліметтердің сақталуы

4. Өзге сайттарға берілетін сілтемелер

5. Қабылданған саясаттың ережелеріне қатысты және оның бұлжытпай орындалуына қатысты мәселелер

1. ЖТМ жинау және пайдалану

Егер Сіз KPMG-нің вебсайтына тіркелсеңіз немесе (аутентификационды) бақылау механизмін қолданып, KPMG-нің тіркелгіне кіру үшін әулеметтік желілердегі деректеріңізді жіберетін (мысалы, LinkedIn, Google немесе Twitter) көлденең қызметтердің негізінде бірегей кіріс жүйе арқылы өз тіркелілімен бірге кірсеңіз, біз әлеуметтік желілердің провайдерлерге беруге келісіміңізге сәйкес тіркеуге немесе жүйеге кіру үшін қажетті болып табылатын кез келген ақпаратты, мысалы, Сіздің атыңызды және электрондық поштаныңыздың адресін, немесе басқа мәліметтерді жинауға құқығымызды өзімізде сақтап қаламыз. KPMG-нің күшімен жиналатын басқа ақпараттың сипаты Сіз бұл әлеуметтік желілердің провайдердің платформасында орнататын электрондық поштаның құпиялылықты сақтаудан туындайды, осған байланысты басқа қызметтердің құпиялылығын сақтауға қатысты ережелермен немесе саясаттармен танысуыңызды сұраймыз.
KPMG құпия жеке мәліметтерді сәйкес тұлғалар осындай мәліметтерді өз еркімен бергенде ғана, не осындай мәліметтер жинауға заңмен жол берілгенде немесе кәсіби стандарттарға сай міндетті түрде жиналуы тиіс жағдайда ғана жүзеге асырылады. KPMG-ға құпия мәліметтерді жібергенде өз еркіңізден адаспаңыз, кез келген жағдайда KPMG-дың осы деректерді заңды мақсатта пайдалануына келіспесеңіз, сондай-ақ, осы мәліметтердің KPMG мәліметтер базасына берілуіне немесе онда сақталуына келіспесеңіз, ешқандай деректерді жіберуші болмаңыз. Егер Сізді белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін KPMG құпия деректерді жіберу қажет пе (тиімді ме?) деген сұрақтар мазаласа, төмендегі адресс бойынша KPMG-ге хабарласыңыз.

1.2 ЖТМ автоматты түрде жинау

Кей жағдайларда KPMG Сіз біздің сайтқа кіргенде немесе Сізбен электрондық байланысқа түскенде автоматты түрде жинайды. Осы мақсатта IP-адрестерді, cookie-файлдарды, веб-шырақтарды жинауға арналған веб-сервердің журналдары іспетті технологиялар пайдаланылуы мүмкін. Осындай деректерді жинау KPMG веб-сайттарының функционалдық сипаттамаларын жақсартуға, оны пайдаланушыларға қолайлырақ етуге, жалпы оның пәрменділігін арттыруға, сонымен қатар, біздің маркетингтік қызметіміздің өнімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

1.2.1 IP-адрестер

IP-адрес компьютеріңізге Сіз Ғаламторға шыққан сайын арнаулы номер тағайындайды. Ол компьютерлер мен серверлерге бір-бірін танып, ақпараттармен алмасуға жағдай жасайды. Біздің сайтымызға кірушілердің IP-адрестері ақпараттық қауіпсіздік пен жүйені диагностілеу үшін ескеріледі. Осы мәлімет, сондай-ақ, сайттарды пайдалану мен олардың пәрменділігіне талдаулар жүргізу үшін агрегирленген күйде пайдаланылады.

1.2.2 Сookies технологиясы

Cookie веб-сайт біздің браузерде Сіз алғаш рет келгенде cookie-файлда жайғастырылатын және келесі келгеніңізде Сізді бірден танитын кішігірім файл. Осы файлдар бағдарлама қосуға қолданылмайды және Сіздің компьютеріңіздің қатты табағына зиян тигізуі ықтимал. KPMG көрсетілген мәтіндік файлдарды қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұлжытпай орындау арқылы пайдаланады.

Сookies бізге өздігінен Сіздің электрондық адресіңізді хабарламайды және Сізді өзге де сипаттармен теңдестірмейді. Егер Сіз KPMG веб-сайтына кірсеңіз, біз қонақтарымыздың біздің сайттардың қайсысын қаттырақ ұнататынын анықтау үшін статистикалық деректер жинауға мүмкіндік беретін cookies-ты пайдаланамыз.

Егер Сіз бұдан былай KPMG веб-сайтында тіркелетін болсаңыз, алынған ақпаратты cookie-файл онлайн тәртібінде (мысалы, Сіз сайтқа қайта кіргенде Сізге сәлем беру немесе Сіздің тіркелуші деректеріңізге кіру) жетілдіріп, жекелендіру мақсатында пайдаланады.

Сookies-ты қабылдайсыз ба, не жауып тастайсыз ба, ол өз еркіңізде. Сіз біздің браузерді cookie-файлды қабылдамас бұрын оның бар екендігі туралы ескерту алғанда оны жауып тастауға болатындай етіп қондыра аласыз. Бұл ретте, егер Сіз cookies-ты қабылдамасаңыз, оның жабылуының нәтижесінде сайттың кейбір міндеттерінің жоғалатынын естен шығармаңыз.

1.2.3 Google Analytics

KPMG Google Analytics онлайн қызметін пайдаланады. KPMG-те Google Analytics-ті пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін: http://www.google.com/analytics/learn/privacy.html

Келушілерді өздерінің Google Analytics деректерін жинауға қатысты қосымша таңдаулармен қамтамасыз ету үшін Google Google Analytics бас тарту браузері қосымша қондырғысын жасады. Веб-сайтқа кіру туралы ақпарат Google Analytics-те алынбауы үшін қосымша шолғыш Google Analytics JavaScript (ga.js) арқылы байланысады. Қосымша Google Analytics шолғышы ақпараттың веб-сайтқа немесе басқа веб-талдау қызметтеріне жіберілуіне кедергі келтірмейді.

1.2.4 Веб-шырақтар (web beacon технологиясы)

Веб-шырақтар (web beacon) – сол сервер бұрын жасаған cookies-тың барлығы, браузердің сипаты, веб-беттердің мазмұнын үйрену ұзақтығы, IP-адрес секілді Сіздің компьютеріңізден белгілі бір деректерді алу үшін пайдалануға болатын веб-беттегі кішігірім кестелік файл. KPMG көрсетілген веб-шырақтарды тек заңға сәйкес пайдаланады.

KPMG веб-шырақтарды cookies басқару және сайтқа кірушілер туралы статистикалық мәліметтерді жинау немесе қызметкерлерді жұмысқа жалдау және маркетингтік салада қызмет көрсететін үшінші тұлғалардың веб-сайттарының жұмыс қарқынына бақылау жүргізу мақсатында қолданады.

Сіз, кейбір оған байланысты cookies файлдарын жауып тастау арқылы веб-шырақтарды сөндіру мүмкіншілігіне иесіз. Мұндай жағдайда, веб-шырақтар жасырын келушіні біздің IP-адрестен тіркей алады, бірақ, ақпарат cookie жазылмайды.

Осы ақпараттарды жинау келушілерді сайттың қай түрлерінің қаттырақ қызықтыратынын білуге, пайдаланушылармен қарым-қатынас жасау тәртібін одан әрі жетілдіруге жол береді.

1.2.5 Жекелендірілген теңдестірілген деректерді жеткізу және олармен алмасу

Бізге берілген жеке деректер оны жинау мақсатына көзделген немесе заңмен белгіленген мерзімге ғана сақталады. Біз заңды талаптағы қызметіміздің мақсатында заңнамамен, оның нормаларымен белгіленген жағдайларда ғана болмаса, бірде-бір мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермейміз. Біз Сіздің жеке мәліметіңізді ешқашан сатпаймыз. Мұнымен қоса, KPMG жинаған жеке мәліметтер Сіз өзіңіздің мәліметіңізді жіберген мақсатқа сай, қажет болған күнде KPMG International ассоциациясының басқа мүше-фирмаларына жеткізіледі. Электрондық байланыс арналары арқылы KPMG адресіне мәлімет жібере отырып, Сіз KPMG ғаламтор-сайттарының халықаралық байланыс арналары арқылы алынған мәліметтеріңіздің жеткізілуіне тікелей келісім бергеніңіз.

1.3 Балалар

KPMG балалардың жеке өміріне қол сұқпау шарттарын, әсіресе, электрондық байланыс арналары арқылы олардың өміріне қол сұқпаушылық заңының барлық талаптарын қатаң ескереді. Біздің электрондық сайттар 14 жасқа жетпеген балаларға арналмаған. Біздің саясатымызға сай, біз ешқашан 14 жасқа жетпеген балалар туралы мәліметтік деректер жинап, сақтамаймыз.

2. Рұқсат

Егер Сіз KPMG-ге жеке мәліметіңізді жіберсеңіз, оған көбіне қандай-да бір дәл емес деректі түзету үшін ғана кіру құқығына иесіз. Сіз, сондай-ақ, privacy@kpmg.com электрондық адресіне мәліметті жаңарту немесе өшіру үшін сұрату сала аласыз. Мұндай жағдайда, біздер заңнаманың талаптары мен кәсіби стандарттарға сай сұратуыңызды орындауға бар күш-жігерімізді саламыз.

3. Ақпараттық қауіпсіздік және мәліметтердің сақталуы

KPMG ұйымында жеке мағлұматтардың санкциясыз пайдаланылуынан, жетілдірілуінен, өшірілуінен қорғайтын қауіпсіздікпен қамту саясаты мен іс-шаралары толық көзделген. Сонымен қатар, бүгінгі күнгі ақпараттық деректерге төнуі ықтимал қауіп-қатердің сипаттарына орай, KPMG шексіз қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Біз, өз тарапымыздан Сіздің жеке деректеріңіздің тек қызмет бабына ғана сәйкес пайдаланылуы мақсатында қолдан келгеннің барлығын істейміз. Осындай деректерді пайдалануға рұқсат берілген тұлғалар оның құпиялылығын бұлжытпай, қатаң орындауы тиіс. Біз жеке деректерді оны ұсынған тұлғаның сұратуын орындау уақытында ғана немесе аталмыш тұлғаның осы деректердің өшірілуін жеке өзі сұрағанға дейін қатаң сақталуына барынша тырысып бағамыз.

4. Өзге сайттарға берілетін сілтемелер

KPMG веб-сайттары өзге сайттарға берілетін сілтемелерден, құпиялылықты сақтау туралы осы Арыздан айрықша, құпиялылықты сақтау және жеке теңдестірілген мәліметтерді қорғау туралы құжаттардың өзге де ережелеріне қатысты KPMG International ассоциациясының басқа мүше-фирмалары қолдайтын өзге де сайттардан тұрады. Біз пайдаланушыларға әлдебір жеке мәліметтерді жариялап, ашқанға дейін әрбір веб-сайтта орналастырылған құпиялылықты сақтау жөніндегі арызбен мұқият танысып шығуына кеңес береміз.

5. Қабылданған саясаттың ережелеріне қатысты және оның бұлжытпай орындалуына қатысты мәселелер

KPMG Сіздің жеке мәліметтеріңізге еш қол сұғылмауын өзінің борышы деп таниды. Егер жеке мәліметтермен жұмыс істеуімізге қатысты Сізде қандай-да бір сұрақтарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, privacy@kpmg.com электрондық адресі арқылы бізбен байланысуыңызды өтінеміз. Сондай-ақ, Сіз осы адресті шынайы уақыт тәртібінде электрондық желіспен жұмыс істегенде мәліметтердің құпиялылығын қамтуға байланысты біздің ұстанатын саясатымыздың белгілі бір мәселелері жөнінде ақпарат жіберу үшін пайдалана аласыз.

Осы сайттағы «KPMG» аббревиатурасы, «біз» көптік септігі, одан шығатын жеке септеулер Швейцария заңнамасымен тіркелген KPMG International Cooperative (“KPMG International”) ассоциациясы және/немесе KPMG International ассоциациясына кіретін бір және/немесе бірнеше тәуелсіз мүше-фирмаларын білдіреді. KPMG International клиенттерге кәсіби қызмет көрсетпейді.

Мазмұны соңғы рет жаңартылды 2017 жылғы 24 сәуір.