Іріктеу кезеңдері

Іріктеу кезеңдері

KPMG-ға іріктеуден қалай өту туралы жан-жақты біліңіз.

KPMG-ға іріктеуден қалай өту туралы жан-жақты біліңіз.

KPMG Recruitment System тіркелу – бұл KPMG жұмысқа орналасу үдерісіндегі тек бірінші қадам ғана. Бұл бөлімде сіз кандидат өтуі тиіс барлық кезеңдер туралы ақпаратты таба аласыз.

Бірінші кезең – тестілеу 

Онлайн жүйеде тіркелген соң кандидат онлайн режимде екі тестіден өту үшін сілтеме алады: сандық және мәтіндік ақпаратпен тімді жұмыс жасау қабілетіне тест. Егер жинаған балл саны белгіленген минимумнан жоғары болса, онда кандидат келесі кезең – техникалық тестілеуге шақырылады. Техникалық тестілер сіз өтініш берген лауазымға байланысты болады. 

Екінші кезең – Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерімен әңгімелесу

Тестілеу кезеңдерінен табысты өткен соң кандидат қызметкерлерді іріктеу жөніндегі топ өкілімен кездесуге шақырылады. Сұхбатқа дайындалып келу аса маңызды: компания, лауазым туралы білу (жайғасым сипаттамасын қарау), сыртқы бейнеңізге көңіл бөлу, мекенжайды алдын ала қарау және жету жолын (маршрут) ойластыру. 
Әңгімелесу әдетте 45-тен 60 минутқа дейін созылады. Ол көбіне орыс тілінде өткізіледі, сондай-ақ ағылшын тілін білу деңгейі де тексеріледі.

Әңгімелесу барысында сіздің уәждемелеу деңгейіңіз, жеке қасиеттеріңіз бағаланады, сіздің кәсіби дайындығыңыздың жалпы бағасы қалыптасады. 

Үшінші кезең – бөлім басшылығымен әңгімелесу

Бұл кезеңде сіз іріктеліп алынғалы отырған департамент Менеджерлерімен және Директорымен біреуден үшке дейінгі әңгімелесулер жүргізіледі. Бұл кезеңде сіздің кәсіби дағдыларыңыз, компания біліктілігіне сәйкестігіңіз және уәждемелеріңіз бағаланады. 

Менеджермен/директормен сұхбат табысты өтсе сізді серіктеспен кездесуге шақыруы мүмкін. Бұл іріктеудің ақтық кезеңі.

Төртінші кезең – жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс

Егер сіз үшінші кезеңді табысты өтсеңіз, сіз бұл жайлы айталады, ал қажет болса – KPMG жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс жіберіледі. Егер сіз біздің бірлесіп қызмет атқаруымызға қатысты екі жұмыс күні ішінде шешім шығарсаңыз құптарлық болады. Егер жарқын және табысты мансап жолын бастауға деген ұмтылыс кезінде сіз дәл біздің компанияны таңдасаңыз, біз аса қуанышты болар едік.

Бізбен байланысыңыз

  • Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
  • kpmg.emailUs
  • Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia
 

Ұсынысқа сұрау салу

 

Растау