Жиі қойылатын сұрақтар | KPMG | KZ

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Төменде жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары келтірілген

Төменде жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары келтірілген

Төменде жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары келтірілген

Жас Мамандарды іріктеу бағдаррламасына қалай қатыса аламын және KPMG-да қалай тәжірибеден өте аламын?

Жас Мамандарды іріктеу бағдаррламасына қалай қатыса аламын немесе KPMG тәжірибе өту үшін KPMG On-line Recruitment System тіркелу.

Менің жұмысқа қабылдау туралы өтінішім қайда түседі?

Өтінішіңіз Қызметкерлерді іріктеуді өңдеу тобына тап болады. Осы кезеңде үміткерлерді іріктеудің алғашқы сатысы жүзеге асырылады.

Мен қашан KPMG-дан жауап аламын?

Біз жұмыс іздеу үрдісінің күйзелістерге толы екенін білеміз және үміткерлерді өтінімінің мәртебесі туралы дер кезінде ақпараттандыруға барымызды саламыз.

Егер Сізді сұхбатқа таңдасақ, алдын-ала оның уақыты мен күнін сізбен телефон, электрондық пошта арқылы барлық қажетті деректерді хабарлай отыра, береміз. Біз Сізбен жұмыс уақытында байланыс жасау үшін барлық байланыс мәліметтеріңізді дұрыс жазғаныңызға көзіңізді жеткізуіңізді сұраймыз.Біз Сізге электрондық пошта арқылы хабарласуымыз мүмкін болғандықтан, электрондық пошта жәшігіңізді үнемі тексеріп отырғаныңыз дұрыс. Сіз арызыңыздың ахуалын HR бөліміне +7 (727) 298 08 98 хабарласып, біле аласыз.

Университет түлектерінің KPMG бастапқы айлық жалақысы қандай?

KPMG жаңа жұмыскерлеріне ұсынылатын айлық жалақы деңгейі нарыққа сай. Бірінші сұхбатта әлеуметтік қалта мен жәрдемақы жүйесі туралы егжей-тегжейлі ақпарат ала аласыз. Біздің веб-сайттың өзге тарауларында KPMG басқа да артықшылықтары жазылған.

KPMG жұмыс істеу


Қазақстанда және Қырғызстанда «Үлкен төрттік» компаниясында жұмыс істеу қазақстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындарының түлектері үшін ғана емес, «Үлкен төрттік» компаниясының өзге де шет елдердегі түлектері үшін аса мәртебелі болып есептеледі. Жігерлі, жас мамандарды жобаның қарқыны мен ауқымы сүйсіндіреді. Бізге университеттен енді ғана келгендермен жұмыс істеу: біздің компаниямызда жұмыс істеу кәсіби өрісіңізді өркендетіп, зор тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Аудитор кәсібі

Аудит компанияның қаржылық есеп берулерінің дәлдігін тәуелсіз тексеру құзыреті. Бұл активтерді жарияланған қаржы есеп берулерімен салыстырғанда тәптіштеп тексеру түпкілікті деректердің толықтығы мен дәлдігін білуді мақсат тұтады. Аудитордың жұмысы бастапқы ақпарат пен оның талдауларының орасан зор санын игеруді қажет етеді; біз есеп беру ережелері мен ресімдемелеріне қатысты қызмет көрушілердің реттеу нормаларын игеруіне көмек береміз.

Аудитордың жұмысы нендей?

Барлық қызмет көрушілер мен жобалар әрқалай. Аудитор аудиторлық тексерулер кезінде қызмет көрушінің орнында, екі аптадан үш айға дейін оның көлеміне қарай отыра білуі тиіс. Ірі жобалар түрлі салалардағы командамен жұмыс істеуді талап етеді.

Әдетте, аудит ақпарат жинау үрдісінен; консультациялар өткізуден; жұмыскерлермен және тексерулерде сұхбаттасу кезінде деректер жинаудан; есеп берулерді талдап, ұсынудан тұрады. Аудиторлар қызмет көруші қызметінің қыр-сырын біле отырып, оның шаруашылық қызметін терең ұғына отырып, жұмыскерлермен бірқатар кездесулер өткізе отырып жоба бастайды. Сіздер стратегиясы мен шаруашылық қызметін талқылау мақсатында қаржы директорлары мен аға менеджерлермен кездесіп, төмендегідей деректерді талдап, тексере бастайсыздар:

  • Қызмет көруші үшін айрықша үрдістерді түсіну мақсатында бұрынғы аудит тексерулерінің материалдарын зерттейсіз;
  • Қызмет көрушінің есеп беруін банк есеп берулерімен салыстырасыздар;
  • Берілген активтердің толық және дәл тіркелуін тексересіз;
  • Қызмет көрушінің жеткізушілерінің тізімінің толықтығы мен дәлдігін растайсыз;
  • Қызмет көруші қолданған мүліктендіру әдістерін тексересіз;
  • Мүліктердің таңдаулы тексерілуін қызмет көруші есеп беруінің дәлдігін бағалай отырып, орындайсыз;
  • Қызмет көрушінің бақылау үрдісі мен жүйелерін тестілейсіз.

Келесі кезеңде қаржылық есеп берулерді соңғы, түпкілікті сипатында ұсына отырып, ақыл-кеңестер бере отырып, анағұрлым маңызды мәселелерді айқындап, тұжырымдамалар жасап, есеп бересіз. Компаниялардың саны мен біз жұмыс істейтін жобалардың ауқымдылығы аудиторлардың KPMG түрлі қызмет бағыттарында жұмыс істейтін адамдардың командасында сан алуан мақсаттарға қол жекізуге тартылатынын көрсетеді. Қызмет көрушінің орналасқан жерінде жұмыс істеу аудитор жұмысының маңызды тұсы. Сондықтан да, Сізге айналаңызды өзгерте отырып, түрлі салалардағы түрлі компаниялармен жұмыс істеуіңізге тура келеді. Аудитор ролінде болу өткізілуі тиіс аудиторлық тексерулердің жалпы шаблонының: аудиторлар, мысалы, компанияның құжаттарына сай, іс жүзіндегі адамдар мен оның санын тексеретіні сияқты түрлі қызықты әрекеттерді іске асырады.

Кіммен жұмыс істеймін?

Көбіне, аудиторлық тексерулер өткізгенде, Сіз қызмет көруші мен жобаға байланысты көлемі әр түрлі командада жұмыс істеуіңіз мүмкін. Бұл команда өзі ісінің топ жарушысы болып табылатын, KPMG қызметкерлерінен тұрады. Сіз олардан көп нәрсені үйреніп, тәжірибе жинақтай аласыз. Сіз есептерді Жоба жетекшісінің көмекшісіне (әдетте, бұл екі-үш жылдық тәжірибесі бар аудитор) тапсырасыз. Әрбір аудиторлық тексерулер Жоба менеджерінің басқаруымен (ал, кейбір ірі жобаларда Аға менеджердің) өтеді. Қорытындыда, әрбір тексерулерді KPMG аудит бойынша Серіктесінің қолымен расталуы тиіс. Сіздің шеберлігіңізді шыңдап, пәрменділігіңізді арттыруға ат салысатын тәлімгеріңіз болады. Жұмысыңыз прогресті бағалау және әлеуеттік даму салаларын анықтау үшін үнемі бақыланады.

Жалпы Сіздің мүмкіндіктеріңізді барынша пайдалануда барлық әдіс-тәсілдермен қамтуды көздейтін, кәсіби шеберлігіңізді талдап, түсіндіріп отыратын қызметіңізге баға беретін менеджеріңіз болады.

Келесі қадам қандай?

Біз мансап жолыңызда үздік ықтимал механизмдерді, оның көздеріне және қолдау көрсетілуіне жауаптымыз. Біздің ортақ жемісіміз командамыздың қабілеті мен дарындылығына байланысты. Біз сізге бар жағдайларды жасап, ұйымымызда оқып, дамуыңызға мүдделіміз.

Сіздің аудитор рөліңізде біз ACCA біліктілігін алып, бүкіл үрдіс барысында Сізге қолдау көрсетіп, қызмет көрушілермен қарым-қатынас жасау, қарқынды жұмыс қатынасын орнату, уақытты басқару мен келіссөздер жүргізу секілді тиімді жұмыс қатынасын орнатып, дамытуыңызға көмек береміз. Аудиторлық білім аудиторлық тексерудің жетекшісі мансабын қуалайсыз ба, жоқ, компанияның басқа салаларында жұмыс істеуді қалайсыз ба, қажетті тәжірибе жинауға жетелейтін сара жол.

KPMG сан алуан компаниялар желісіне ие халықаралық ұйым болып табылады. Демек, біз Сіздің дамуыңызда сан алуан мол мүмкіншіліктер, рөлдер және аумақтарда орналастырылған жобаларды ұсынамыз. Біз қызметкерлеріміз компаниямыздың аясында расында да артықшылықтарды пайдалана алуы үшін халықаралық жобаларға тартылған қызметкерлерге қолдау көрсету бағдарламасын жүргіземіз. Сонымен бірге, біздің компаниямыздың санқилы бағыттарда қызмет етуі оның ішінде дамып, тәжірибеңізді молайтып, жеке және кәсіби өмірде түрлі міндеттерге шыңдалуыңызға жол ашық дегенді білдіреді.

Өзге артықшылықтары?

Біз KPMG қызметкерлері үшін шындығында да аса маңызды мүмкіншіліктерге құзыреттіміз. Қолайлы әлеуметтік қалта қаржылық және қаржылық емес пайдалардың ішінен өзіңізге тиімдісін таңдап алуыңызға үлкен жағдай жасайды. Бастапқы айлық жалақының жоғарылығымен қоса, біз медициналық сақтандырулар мен өмірді сақтандырамыз, сонымен қатар, үстеме жұмыс істегеніңіз үшін жәрдемақы есебінде демалыс бере аламыз.

Маған керегі не?

Біз қабілеттері әртүрлі, саналуан жандарға жұмыс береміз, бірақ, KPMG барлық қызметкерлеріне тән, әмбебап мықты жақтары болады. Жақсы академиялық мінездемеге қоса, қызметкерлеріміздің пайдалы тәжірибеге ие болғанын қалаймыз. Алдымен сіз мынадай төменгі өлшемдік талаптарға сай келуіңіз керек:

  • Сіздің жоғары біліміңіз, не соңғы курстың студенті болуыңыз қажет;
  • Ағылшын тілін жақсы меңгеруіңіз;
  • Тамаша академиялық нәтижелерге ие болуыңыз;
  • Іссапарларға бару мүмкіндігіңіз;
  • Жұмыс уақытынан тыс кезде де жұмыс істеуге дайын болуыңыз;
  • Талдаушылық қабілетіңіз;
  • Командада жұмыс істей білуіңіз;
  • Кәсіби оқып, дамуға құштар болуыңыз қажет.

Есептерді сауатты жаза алатындай, ресми хаттарды жазу қабілетіне ие болғаныңыз жөн. Қызмет көрушілеріміздің қызметіне қатысты мәселелерді коммерциялық тұрғыдан көре білуіңіз қажет. Жобаларды іске асыру барысында тап болатын мәселелерді шеше білуге бейім болуыңыз керек. Қызмет көрушінің аға менеджерлерімен тікелей қарым-қатынас жасау үшін жетекшіліктің сеніміне кіре білуіңіз керек. Ең бастысы, жұмыс істеуге тура келетін түрлі қызмет көрушілерге талдаулар мен кеңестер ұсыну ниеті мен қабілетін игеруге тиістісіз.

Салық саласындағы кеңес беруші кәсіб

Бізге салық заңнамасының болашағын көріп, бағалай білетін дәстүрлі шеңберден биік ойлай және әрекет ете алатын адамдар керек.

Салық салымы деген не?

Салық салымына қатысты көзқарас, оның саясаты мен мәселелері үнемі өзгеріп тұрады. Ал, салық салымы ешқашан осынша мұқият тексеріліп, маңызды мәселелердің тақырыбына айналған жоқ. Жаһандану үрдісі мен ақпараттармен алмасу барысы қазіргі кезде салық салымының халықаралық деңгейде маңызды сала екенін көрсетеді. KPMG Салық департаментінде жұмыс істейтін заманауи маман қызмет көрушілерімізге нормативтік талаптарға қалай сәйкес болу керектігін көрсету үшін осы күрделі мәселелерге тап болғанда жерге қараған жоқ.

KPMG өзінің қызмет көрушілеріне салық салу білімінің ерекшеліктерін ұсынады: біз мекемелерді салық салу жүйесінің олардың бизнесінің жалпы бейнесіне қалай кіретінін көрсетіп, шынайы құндылықпен қамтитын шешімдерді енгіземіз. Біз қызмет көрушілердің сұраныстарын терең түсініп, шығасыларын оңтайлыландыру мақсатында дұрыс кестелер береміз. Мысалы, қызмет көрушілерімізді ең жақсы салық жеңілдіктерімен қамту үшін бизнесін қалай жүргізгені жақсы, экономикалық пәрменділігін анықтауға ықпал ететін маңызды факторлардың жоғары деңгейі болып табылатын, ішкі құрылымын және салық департаментін қалай ұйымдастырғаны дұрыс екені жайлы тәжірибелік ақыл-кеңестер береміз.

Мен Салық департаментінде немен айналысатын боламын?

Салық консультациялары қызмет көрушілер келген кезде қаржы директорлары мен аға менеджерлермен кездесулер және көп қырлы командада жұмыс істеп, салық міндеттемелерін тексеру мен салықтық есеп беру ұсынудағы салық салымының мәселелері бойынша ақыл-кекңестер беру міндеттерін қамтиды. Салық заңнамасының орындалуын тексерулер салық консультацияларын беретін ұжымдастармен ынтымақтаса қызметтесіп, қызмет көрушілердің қызметтерін талдаулар мен салық міндеттерін талдауда анағұрлым мамандандырылған әдістерді қолдана білуді білдіреді. Жұмыстың жалпы қағидасы қызмет көрушіні жан-жақты танып, түсініп, техникалық сұрақтарды егжей-тегжейлі игеріп, күрделі техникалық ақпараттарды анық және түсінікті нұсқада жеткізу. Қызмет көрушілермен сипатты қарым-қатынас мынадай шарттардан көрінеді:

  • Бизнесті және қызмет көрушілердің мәселелерін жан-жақты білу;
  • Қызмет көрушілердің салық декларацияларының дәлдігі мен әлеуеттік жинақтауларының анықтауларын тексеру;
  • Салық органдарынан талап етілетін барлық ақпараттардың болуын тексеру арқылы қызмет көрушілерге ықпал ету;
  • Қызмет көрушілердің файлдарын ұйымдастыру және бастапқы консультацияларды даярлау;
  • Жоғары жетекшілік пен қызмет көрушілердің аудиторларымен кеңесу және ақпараттармен алмасу;
  • Соңғы салық заңнамасы мен жұмыс тәжірибесін игеріп, түсіну;
  • Қызмет көрушілердің мұқият мониторингі – салық органдарымен қарым-қатынасы;
  • Қызмет көрушілерге түрлі салық шешімдерінің салдарларын түсіндіру үшін деректерді талдау және жетілдіру; 
  • Қызмет көрушілердің ұсыныстарын, есеп берулері мен кеңестерін даярлау, ұсыну;
  • Халықаралық корпоративтік салық салу;
  • Шет елдік мамандардың салық міндеттемелерін есептеу және салық есеп берулерін ұсыну қызметі;
  • Компанияның бірігуі мен қосылуы жайындағы мәмілелердің салығы;
  • Энергетика және табиғи ресурстар;
  • Тұтынушылық өнеркәсіп нарығы;
  • Қаржылық қызметтер;
  • Жылжымайтын мүлік және телекоммуникация.

KPMG салық департаментінің мамандары заңнама талаптарының жиі өзгеруіне орай, қиыншылықтарға тап болып жатады. Сіз қызмет көрушілерімізге ең үздік салық кеңесін беру үшін заңнаманың соңғы өзгерістерін егжей-тегжейлі білуге міндеттісіз.

Мен кіммен жұмыс істеймін?

Салық консультацияларын беру жөніндегі жоба ұжымдастармен жобалық командада тығыз жұмыс істеуді білдіреді – әрбір жобаның көлемі мен уақыты қызмет көрушіге қарай өзгеріп отырады, бірақ, команда әдетте үш адамнан тұрады. Командаға осы сектордағы үздік мамандардан жоғары білім мен мол тәжірибе жинақтауға жағдай жасайтын тәжірибелі мамандар жетекшілік етеді. Халықаралық қызмет көрушілерге байланысты ірі және күрделі жобалар үшін ірі командалар құрылады, онда Сіз салық, аудиторлық және консалтингтік департамент қызметкерлерімен бірге, сондай-ақ, сәйкес мамандармен ықпалдасасыз. Салық заңнамасын орындауға байланысты жобалар, әдетте, кеңселерде өткізіледі және түрлі салалардағы қызмет көрушілерді қамтитын жұмысты өз бетінше атқаруды білдіреді. Бөлімшелер аға консультанттың алдында (әдетте, екі-үш жыл тәжірибесі бар) есеп береді. Ірілеу жобаларда менеджер (кейде аға менеджер) болады. Ең соңында, барлық салық құжаттарын KPMG Серіктесі растайды. Сізге, сондай-ақ, жұмысыңызды бағалап, шеберлігіңізді шыңдауға көмектесетін менеджер де тағайындалады. Жұмысыңызды бағалап, қабілетіңізді қолдану саласын көруге мүмкіндік беретін тұрақты тексерулер өткізіліп тұрады.

KPMG компаниясында жұмыс істеген алғашқы бірнеше күні компанияға біртіндеп, байсалды қалыпта үйренуіңізге көмек беретін команданың арнайы мүшесі тағайындалады.

Қалай дами аламын?

Біз Сізге бүкіл мансап жолыңызда ең үздік жұмыс құралдары мен ресурстарын ұсынамыз, әрі қолдау көрсетеміз. Табысымыз командамыздың дарындылығы мен қабілетіне негізделген, күш-жігерімізді ұйымның оқып, дамуына жақсы жағдайлар жасауға жұмсаймыз.

Қайда болмасаңыз да, KPMG басқа елде тамаша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін Tax Trek бағдарламасын әзірлейді. Сіз шет елде KPMG басқа фирмасында үш ай бойы жұмыс істей аласыз. Осы бағдарлама жаңа кәсіби деңгейге көтеріліп, халықаралық тәжірибе жинақтауға көмек беретін оқудың құнды бағдарламасы болып табылады.

KPMG мүше-фирмалары өте көп, халықаралық ұйым. Біз Сіздің дамуыңызға, біліктілігіңізді арттыруыңызға зор жағдайлар жасаймыз. Біз халықаралық тапсырмалар бойынша жұмыс істейтін адамдарға қолдау көрсететін бағдарламаларды жүргіземіз. Біздің адамдарымыз KPMG мүше-фирмаларының мүмкіншіліктерін барынша пайдалана алуына тырысып бағамыз. Сонымен қатар, KPMG мүше-фирмаларының бизнес-бағыттарының саналуандылығы компания ішінде жылжып, түрлі департаменттерде тәжірибе жинақтап, үнемі кәсіби және жеке өміріңізді жақсартып, жетілдіре беруіңізге мол мүмкіншілік жасайтынын айтады. Қызмет сатысында көтерілу жылдам болуы да ықтимал, әдетте, бұл Жоғары оқу орнын аяқтай сала кірген кезден бастап үш жыл ішінде аға консультант деңгейіне жетіп, одан тағы үші жыл ішінде аға менеджерге айнала алатыныңызды білдіреді.

Тағы не ала аламын?

Салық департаменті оның құрамы болып табылатын өзін барынша ақтайтын коммерциялық функция болып табылады. Осы департамент біліктілігіңіз бен кәсіби деңгейіңізді арттыра отырып, өзіңіз таңдаған кез келген бағытта мансапқа жетуге жол ашады. Біз қызметкерлерімізге сыйақы қалтасын, соның ішінде, нарықтық көрсеткіштермен қалыптастырылған жалақы, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті жеңілдіктер қалтасын ұсына аламыз.

Қандай болуға тиістімін?

Біз түрлі қабілетті, сан алуан жандарға жұмыс береміз, бірақ, KPMG барлық қызметкерлеріне тән, әмбебап мықты жақтары болады. Жақсы академиялық мінездемеге қоса, қызметкерлеріміздің пайдалы тәжірибеге ие болғанын қалаймыз. Сіз, алдымен мынадай төменгі өлшемдік талаптарға сай болуыңыз керек:

  • Сіздің жоғары біліміңіз, не соңғы курстың студенті болуыңыз қажет;
  • Ағылшын тілін жақсы меңгеруіңіз;
  • Тамаша академиялық нәтижелерге ие болуыңыз;
  • Іссапарларға бару мүмкіндігіңіз;
  • Толық жұмыс уақытындан жұмыс істеу мүмкіндігіңіз;
  • Мықты талдаушылық қабілетіңіз;
  • Командада жұмыс істей білуіңіз;
  • Кәсіби оқып, дамуға құштар болуыңыз қажет.

Есеп берулерді сауатты жаза алатындай, ресми хаттарды жазу қабілетіне, сондай-ақ, қызмет көрушілер және серіктестермен пікірталаста өз пікіріңізден айнымай, оған қалтқысыз сендіре алу қабілетіне ие болғаныңыз жақсы. Қызмет көрушілеріміздің қызметіне қатысты мәселелерді коммерциялық тұрғыдан көре білуіңіз қажет. Жобаларды іске асыру барысында тап болатын мәселелерді шеше білуге бейім болуыңыз керек. Қызмет көрушінің аға менеджерлерімен тікелей қарым-қатынас жасау үшін жетекшіліктің сеніміне кіре білуіңіз керек.

Сіз үшін қызмет көрушілер мен ұжымдастармен қарым-қатынас жасай білу маңызды болады. Сондықтан да, түрлі адамдармен жұмыс жасай білуіңіз керек. Ең бастысы, Сіз іскер үрдістерге мән берумен қоса, мәселелерді ұтқыр шеше біліп, қызмет көрушілерімізге күрделі техникалық жағдайда өркендеуіне көмек беруге міндеттісіз.

Бізбен байланысыңыз

  • Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
  • kpmg.emailUs
  • Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia
 

Ұсынысқа сұрау салу

 

Растау