«Ғажайып–ағаш»

«Ғажайып–ағаш»

Қазақстандағы және Қырғыстандағы KPMG офистерінде «Ғажайып – ағаш» бүршік атты!

Қазақстандағы және Қырғыстандағы KPMG офистерінде «Ғажайып – ағаш» бүршік атты!

mir-tree

11 қаңтар 2016

Біздің дәстүрлі жаңа жылдық «Ғажайып – ағаш» қайырымдылық жобасының шеңберінде, балаларды Жаңа Жылмен құттықтау үшін KPMG-нің қызметкерлері Аяз Аталарға айналды.

Алматы қаласындағы KPMG-нің қызметкерлері № 6 мектеп – интернаттағы 182 және «Судьба» («Тағдыр») отбасылық клубының 25 баласының тілегін орындады. Астанадағы KPMG-нің еріктілері(волонтерлері) «Дара» қайырымдылық қорымен бірлескен жоба шеңберінде, психологиялық – педагогикалық түзету кабинетіне келуші, ерекше күтімді талап ететін 50 баланың қалаған сыйлықтарын дайындады. КСО Комитеті Атырау офисіндегі әріптестермен бірлесе, Сәбилер (Бөбектер) Үйінде тәрбиеленушілерге балалар тағамын және ойыншықтарды сыйға тартты. Бішкек офисінің атынан Қырғызстандағы SOS ауылына(деревнясына) DVD проигрывателі және де басқа да сыйлықтар, сонымен қатар «Рука в руке»Қоғамдық Бірлестігінен аутизммен ауыратын балалар үшін арнайы жиһаз сыйланды. 

Сыйлықтар KPMG қызметкерлері қатысқан іс – шараларда тарту етілді (сыйланды). 

Біздің әріптестеріміз дайындаған сыйлықтар, балаларға мейрамдық көңіл – күй мен қуаныш әкелді деп үміттенеміз! КСО Комитеті барлық еріктілерге, және «Ғажайып – ағаш» жобасына қатысқандардың бәріне, олардың жылулығы мен жомарттығына шын жүректен ризашылығын білдіреді!

Бізбен байланысыңыз